Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚҰРМЕТТІ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫЛАРЫ, АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ МЕҢГЕРУШІЛЕРІ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫ!


26 октября 2012, 00:27 | 1 794 просмотра


«Адам және оның еңбегі»

Айдарында - әр мұғалімнің жеке тұлға қалыптастыруындағы өзіндік ізденістері және олардың әдіс-тәсілдерінің қыр-сыры туралы сөз болатындығы жайын тағы бір естеріңізге саламыз. Өз қызметінде артындағы ұрпағына өнегелі із қалдырған тұлғалардың бимәлім тұстарын қозғай отырып, келешек ұрпаққа ұлағат алар тәмсіл қалдыруды мақсат етеді. Еліміздің елеусіз нүктесінде қарапайым ғана ғұмыр кешсе де, Отанымыздың айбарын асырар өнегелі,білікті ұл мен қыз тәрбиелеген, өз мамандығын жанындай жақсы көретін ізденімпаз жандардың ғұмырнамасын жаза отырып, келешек ұрпаққа барар баспалдақ қалауды тұғыр ететін айдардың арқаларжүгі бәрінен де салмақты болмақ.Тағы бір айта кетерлігі, аталған айдарға жазылған мақала, естелік, очерктеріңіз газетіміздің түрлі-түсті айқара беттерінен орын алады.

Тегін жарияланады.

Автор:
Редакция алқасы