Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖУРНАЛИСТІ ТІКЕЛЕЙ ЭФИР КЕЗІНДЕ ӨРТЕП ЖІБЕРДІ


2 ноября 2012, 23:59 | 1 624 просмотра



Боливияның оңтүстігіндегі Якуиба штатындағы Popular

радиостансасының журналисі және иесі Фернандо Видаль

тікелей эфирде бағдарламасын жүргізіп отырған кезде белгісіз

біреулердің шабуылына ұшырады. РБК-ның хабарлауынша,

куәгерлердің айтуына қарағанда бетперде киіп алған төрт

адам студияға

кіріп, 78 жастағы

жүргізушінің үстіне

бензин құйып,

өртеп жіберген.

Үшінші дәрежедегі

к ү й і к т е р

алған Видаль

а у р у х а н а ғ а

ж е т к і з і л д і .

Қазіргі уақытта

ол жансақтау

бөлімінде жатыр.

Оның басын, кеудесін, іші мен қолдарын күйік шалды. Санта-

Крус департаментінің губернаторы Рубен Костас жәбірленген

журналистке қолдауын білдіріп, оның тезірек жазылуын тіледі.

«Мемлекеттік билік органдары объективті тергеу жүргізіп,

қылмыскерлерді жазалағанын талап етемін», деп жазады

губернатор сөздерін Los Tiempos. BBC хабарлағандай, бұл

шабуыл журналистің кәсіби қызметімен байланысты болуы

мүмкін, өйткені ол жергілікті билік көздеріне сын айтып,

көршілес Аргентинамен шекарадағы контрабанда оқиғаларын

тергеумен айналысқан еді. Якуиба полициясы қылмысты

жасау күдігімен үш адамды ұстады.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ