Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«КӨҢІЛДІ СТАРТТАР ОЙЫНЫ МЕН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР»


9 ноября 2012, 23:37 | 3 140 просмотров


Сабақтың мақсаты:

А) Теориялық: Ойын түрлерін, мазмұнын, ережелерін, ерекшелігін меңгерту.

Ә) Жетілдіру: ептілік, жылдамдық, мергендік және күштілік қасиеттерін жетілдіру

Б) Тәрбиелік: Оқушылырды топтық ойындар арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақтың типі: Жаңа білімді қалыптастыру сабағы

Сабақтың әдісі: Жеке және жалпы жұмыс жасау, жан- жақиы түсіндіру

Құрал- жабдықтар: ысқырық, доптар, қаптар, секіртпе, сақина, арқан

1) Дайындық кезең

Сабақтың мазмұны

1. Оқушыларды сапқа тұрғызу. 10 мин

Спорттық киімдеріне назар аудару

2. Сынып санын түгелдеу. Себепсіз оқушылырды анықтау

3. Рапорт қабылдау. Рапортты дұрыс тапсыруын қадағалау

4. Оңға, солға, кері бұрылу жаттығуларын орындау

Бұрылыстарды дұрыс орындауын қадағалау

5. Қозғалмалы бой жазу жаттығулары

- Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру

- Екі қол белде, өкшемен жүру

- Екі қол белде, аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру

- Бір қалыпты жеңіл жүгіру

- Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру

- Арқаны алға қарата оң иықпен қарап жүгіру

- Алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру

- Қол алақанына аяқтың ішкі, сыртқы қырын тигізе жүгіру

- Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру

- Екі қол тізеде , толық отырып жүру

- Отырып секіре жүру

- Дем алу, дем шығару, аяқ ұшымен өкшесімен, сыртқы, ішкі қырымен жүруін ескерту

- Оң және сол бүйірмен жүгіруін ескерту

- Алақанға аяқтың ішкі, сыртқы қырының, өкшенің тиуін ескерту

- Отырып жүру, жүгіруін ескерту

6. Саптағы бой жазу жаттығулары

- Саппен келіп, бірнеше қатарға тұру

- Қолды белге ұстап, басты оңға және солға қарай бұру

- Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру

- Қолды алға түзу созып, кезек- кезек айқастыру

- Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу

- Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қолды оң аяққа кезекпен тигізу

- Тік тұрып , бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.

- Қолды алға созып ұстап тұрған бастапқы қалыпта екі аяқты кезекпен жоғары көтеру

- Қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып, тұру

- Екі қолды екі тізеге ұстап, тізені ішке және сыртқа айналдыру

- Дем алу, дем шығару

- Қатарға дұрыс тұруын ескеру

- Қолды белге ұстауын ескеру

- Дұрыс иілулерін ескерту

- Арқа тізенің бүгілмеуін ескерту

- Тізені дұрыс айналдыруын ескерту

Негізгі кезең

Көңілді старттар ойыны мен ұлттық ойындар

Доппен жарысу

Сынып екі командаға бөлінеді, жарысатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 м болады. Саптың ең алдында тұрғандардың қолында доп болады. Мұғалім белгі берісімен до ұстаған екі ойыншы жүгіре шығып, допты баскетбол ойынының тәсілімен тездете алып жүріп, жалаушаны айналып, келіп, допты өз командасының келесі ойыншысына береді де, өзі саптың ең соңыны барып тұрады. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап, шыққанша ойын жалғаса береді, қай команда бірінші келсе, сол команда жеңіске жетеді.

Доп қолдан шығып кеткен жағдайда , сол жерден қайта жалғастыру қажет. Белгі берілмей тұрып, алаңға жүгіріп шығуға болмайды. Допты өз әріптесіне беру мәре сызығында орындалады.

Ойынның мақсаты- мәреге өзгеден бұрын жетуге тырысу арқылы жылдамдықты арттыру

Допты түсірме

Сынып екі командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 м болады. Саптың ең алдында тұрған ойыншы допты екі тізесінің арасына қыстырып алып жалаушаны айналып келу қажет. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша жалғаса береді.

Қап киіп жарысу

Сынып екі командаға бөлінеді. Жарыстатын қашықтықтың ұзындығы 10-15 м . Мұғалім белгі берісімен саптың ең алдында тұрған ойыншылар екі аяғына қапты киіп, екі қолымен жоғары жағынан ұстап, ілгері қарай, жалаушаны айналып келеді. Осы ретпен ойын қайталана береді. Қай команда бірінші болып аяқтаса, сол команда жеңіске жетеді. Кім жылдам

Сынып екі командаға бөлінеді. Жарысатын қашықтыөтың ұзындығы 10-15 м. Саптың ең алданда тұрған ойыншы кері бұрылмастан допты басынан асыра келесі ойыншыға береді де. Өзі саптың соңына барып тұра қалады. Допты келесі ойыншыға, одан келесі оыншыға беріп жалғаса береді. Бастапқы ойыншы қайтадан өз орнына келгенге дейін ойын жалғаса береді. Қай команда бірінші болса, сол команда жеңеді.

Көп болып жүгіру

Ойынға екі команда бір уақытта қатысады. Олар мәре сызығының жанында бір бағытқа қарап лек түзеп тұрады. Әр команданың мәре сызығынан 10-15 м қашық жерден айналып, кері қайтатын белгі (жалауша) қойылады.

Белгі берілгеннен кейін командалардың ең алдында тұрған бір- бір ойыншысы жүгірген күйі қойылған белгіні айналып өтіп, өз командасына оралады да, өзінен кейінгі ойыншының қолынан ұстайды. Енді олар қол ұстасқан күйі бірге жүгіріп, белгіні айналып өтіп, тағы да өз командасына оралады. Бұларға енді үшінші ойыншы қосылады. Сөйтіп, ақыры команданың барлық ойыншылары қол ұстасып, бірге жүгіретін болады. Жүгіруді ойын тәртібін бұзбай бірінші болып яқтаған команда жеңеді.

Бір топ үйрек

Ойыншылар бір қатарда бір бірінен қашықтау тұрып, тізелерін аздап бүгіп, қолдарын тізелерінің артынын біріктіріп ұстайды. Белгі берілгенде ойыншылар қолдары мен аяқтарының қалпын өзгертпестен жалаушаны айналып келеді. Осы ретпен ойын жалғаса береді. Қай команда бірінші болып аяқтаса, сол команда жеңіске жетеді.

Асық ату

Ойыншылардың ойнаау кезегін анықтайды. Әр таптан үш ойыншыдан шығады. Шеңбердің ортасына асықтар тізіледі. Ойыншылар ұтқан асығының санына қарай ұпай жинайды. Ойын соңында бірдей мөлшерде ұпай жинаған ойыншылар өзара кездесу өткізеді.

Қораздар ойыны

Шеңбердің ортасына келіп екі балада бір аяғымен қарама қарсы тұрып, секіре жүріп келіп бір- бірін иықпен қағып өтуга тырысады. Кіс өзінің қарсылысын иықпен қағып, оның көтеріп жүрген аяғын түсіруге және шеңберден шығарып тастаса, сол жеңіске жетеді.

Арқан тартыс

Оынға ұзындығы 8-10 метр екі ұшы түйілген арқан дайындалады. Арқанның қызыл мата байланған жерін еденнің мәре сызығы сызылған белгіге дәл келтіріледі. Команда екі топқа бөлініп, арқанның белгісінен бастап ұшына дейін қос қолдан тартып тұрады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа тартады. Ойынның мақсаты- екі команданың бір ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып, шығару. Ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншының командасы жеңіледі.

Қортынды

1. Сабақты қортындылау. Түгел тыңдауын қадағалау.

2. Оқушыларды бір сапқа тұрғызу, тыныс жолдарын қалпына келтіру.Толық сапқа тұруларын қадағалау

3. Үйге тапсырма беру

4. Оқушыларды бағалау. Сабаққа қатысуына байланысты бағалау

5. Қоштасу. Түгел қоштасуын қадағалау

6. Бір саппен спорт алаңынан немесе залдан шығару. Бір саппен шығуын қадағалау.

Автор:
Болат ИМАНДОСОВ Панфилов атындағы орта мектеп. дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қоғалы ауылы, Кербұлақ ауданы,