Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СЕРІППЕЛІ МАЯТНИКТЕРДІҢ ТЕРБЕЛІСТЕРІ


9 ноября 2012, 23:39 | 5 206 просмотров


Сабақтың мақсаты: Оқыту: Табиғаттағы ең көп тараған қозғалыс бірдей уақыт аралықтарында дәлме дәл немесе шамамен қайталанып отыратын тербелісін сипаттайтын шамаларды қайталау арқылы жаңа тербелмелі жүйелермен танысу. Маятниктің тұрмыстағы техникадағы,өмірдегі және эволюциялық прцетегі рөлін анықтау. Дамытушылық: Оқушылардың бірін-бірі тыңдай білу, өз ойын тиянақты жеткізе білу, нақты сұрақ қойып, қойылған сұраққа дәл жауап бере білу қабілеттерін дамыту. Алған білімін спалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге қолдана білу. Тәрбиелік: Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыра отырып, тербелістердің қасиеттері мен өмірде алатын орнын зерттеп білу қажеттілігін өздігінен түсініп, білімді өз күшімен алуға ұмтылысын тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білімді бағалау, жаңа тақырыпты меңгерту сабағы.

Сабақтың әдісі: Деңгейлеп оқыту.

Сабақтың көрнекілігі:Динамометр, жүктер жиынтығы, секундометр, жіпке ілінген шар, массасы әр түрлі шарлар жиынтығы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй жұмысын тексеру

А) сұрақ-жауап

Ә) тербеліс периодын, жиілігін, тербеліс амплитудасы, физикалық шамалардың белгіленуін, формуласы мен анықтамаларын берілген кестеге толтыру.

ІІІ. Үйге берілген тапсырмаларды қорытындылау

1. Жүктің тербелісі неге біртіндеп барып өшеді?

2. Қандай күштің әрекетінен жүк тербеледі?

3. Ығысу денегіміз не? Ол қандай әріппен белгіленеді?

4. Гүк заңы

5. Қандай қозғалысты тербелмелі қозғалыстар деп атайды?

ІV. Жаңа тақырыпты өздігінен меңгерту

І.1. Маятниктің ұзындығын өзгертпей, массалары әр түрлі жүктер ілу арқылы периодынын өзгермейтінін анықтау.

2. Маятникті әр түрлі бұрышқа ауытқытып, амплитудасы әр түрлі болғанымен, периоды бірдей болатындығын анықтау.

3. Маятниктің ұзындығын өзгерте отырып, тәжірибені қайталап, тербеліс периодынын маятник ұзындығына тәуелді болатындығын тексеру.

ІІ. Серіппелі маятниктің тербеліс периоды серіппеге ілінген жүктің массасы мен серіппенің қатаңдығына тәуелді болатынын тәжірибе жүзінде анықтау.

V. Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары

І.1. Математикалық маятник деп нені айтады?

2. Математикалық маятниктің тербеліс периоды неге тәуелді болады?

3. Маятникті құрал арқылы жер астындағы пайдалы қазбалар қорын қалай табады?

4. Серіппелі маятниктің тербеліс периоды неге тең? Ол қандай шамаларға тәуелді?

ІІ. Деңгейлік тапсырмаларды орындау

І деңгей

1. Серіппеде тербеліп тұрған жүк 4 с ішінде 16 тербеліс жасайды. Тербеліс периоды мен жиілігін анықта?

2. Математикалық маятниктің ұзындығы 78см. Оның периоды 5,5с. Дененің еркін түсу үдеуін тап?

ІІ деңгей

1. Қатаңдығы 40Н/м серіппеге бекітілген 100г дененің тербеліс жиілігі неге тең?

2. Ұзындығы 0,8м-ге тең математикалық маятниктің периоды мен жиілігін анықта.

ІІІ деңгей

1. Қатаңдығы 160Н/м серіппеге ілінген массасы 200г дене горизонталь жазықтықта 2см амплитудамен тербеледі. Дене тербелісінің циклдік жиілігі мен жүйенің энергиясын анықта.

2. Физикалық шамаларды (k,m,g,x,Т,А,V t,n.I.w.E) талдау

VІ. Бағалау

VІІ. Үйге тапсырма беру.

Автор:
Сәулет САДУАКАСОВА, ақын Сара атындағы орта мектеп физика пәнінің мұғалімі. Сарқан қаласы.