Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АЛТЫН КҮЗ


9 ноября 2012, 23:40 | 2 908 просмотров



Сабақтың мақсаты: Күз мезгілінің маусымдық өзгерістері туралы білімдерін бекітуге жағдай жасау

а) «Табиғат», «Табиғатты аялау», «Қамқорлық жасау»ұғымдарын қалыптастыру

ә)Табиғатқа аялы қарым – қатынастарын дамыту.

б)Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: байқау,бақылау, қорғау, ойын, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: табиғат аясы, магнитафон

Сабақтың түрі: тәрбие сағаты

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыны сабаққа даярлау

Шаттық шеңбері

Армысың шапағатты күніміз!

Армысың мейіріміді жеріміз,

Армысың табиғат – анамыз,

Келді сізге өзіңіздің балаңыз.

- Сәлеметсіңдер ме, құрметті ата - аналар, ұстаздар және менің кішкентай достарым. «Алтын күз» мерекелерің құтты болсын!

- Жыл мезгілдерін атаңдаршы?

Жұмбақ

Күндер ысып, шөп пісіп,

Ел пішенін орады,

Бұл қай кезде болады? (Күз)

- айналаға қараңдаршы, күз келді.

- күз белгілерін кім атап береді?

- жапырақтар сарғаяды

- күн күркірейді

- жаңбыр тарсылдайды

- жеміс жиналады

Көздеріңді жұмып терең тыныс алып, түзу отырыңдаршы. (музыка ойнау)

Күміс теңге

Сары ала күзім менің!

Әдемі екен

Моншақ боп тізілгенің

Сары алтынға малынды

Сыр беткейің

Көз алдыма келіп тұр

Күз жеткенің – демекші. Жаздың жайма шуақ күндері аяқталып, күздің соңғы айлары күміс моншақтар мен әдемі сары түсті кілем жамылған секілді.

Күз - бұл мереке мен береке айы. Себебі: бұл жыл мезгілінде барлық жеміс – жидектер пісіп, астық орылып,күн суытып, ағаштар еріксіз жапырақтарынан айырылады.

- Көзімізді жайлап ашайық.

- Қандай сезімде болдыңдар?

- Жабырқау.

Қол ұстасып құрайықшы, шаттық шеңбер бәріміз,

Күлімдесіп тұрайықшы, жарассыншы сәніміз.

Жабырқатпай тұрайықшы ән салайық достарым.

Жақсы көңіл, ақ пейілмен жадырасын жанымыз.

- Ал бүгінгі «Алтын күз» мереке бағдарламасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1. Таныстыру, қорғау

2. Газет

3. Музыкалық номер

4. Көрмені таныстыру

Қарақшылар сөзі

- Балалар мерекемізді бұзды ғой. Енді не істеміз

- А-а-а ұйқыдағы аруды көмекке шақырайық.

- Ару тұр – 3 рет

- Сіздер мені оятқандарыңызға рахмет меннен недей көмек қажет?

- Амина сөзі

- Әділқазы алқасын сайлау

- Менің сендерге әкелген ойыным бар

1. Эстафеталық жарыс

«Алма жинау» бос кәрзіңкеге алманы мойынға қысып апарып салу

2. Кім тез, көп жиды. Ойынын ойнату

Бір күні Әйтеке би мен Төле би күз кереметін тамашалап, әдемі бақтарды аралап келе жатады. Сол кезде Әйтеке би Төле биге:

-Дүниеде ең қырағы не?

-Ең әдемі не?

-Ең семізі не? – деп,сұрақ қояды. Сонда Төле би ойланбастан:

- Көзден асқан қырағы жоқ, көктемнен асқан сұлулық жоқ, күзден асқан семіз жоқ деген екен.

- Иә, балалар бұл жерде күздің ең бай, молшылық, ырысты берекелі ай екенін білуімізге болады.

3. «Жаңғақ теру» ойыны

Шашылған жаңғақты жинауға көмектесу.

Сені өсірген баптап кім?

- Аққу неткен аппақсың?

- Таза ауады жүремін

Тұнық суға жүземін

Келесі ойынымыз «Суретті аяқта» суретте аққудың басы берілген басқа мүшелерін сан қатарымен жүру арқылы аққу бейне суретін аяқтау.

Жүректен – жүрекке

- Күлімдеген күн мейіріміді

- Таза мөлдір су мейірімді,

- Ырысы толы күз мейіріміді,

- Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді.

Сөз кезегін, әділқазылар алқасына береміз.

- Келесі кездескенше сау – саламат болыңдар.

Автор:
Б.А.ДЖАМБАЕВА №14 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Талдықорған қаласы,