Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

САЛАУАТТЫ СЕНБІ


9 ноября 2012, 23:51 | 1 716 просмотров



Қараша айының 3 жұлдызында Көксу аудандық кәсіподақ кеңесінің ұйымдастыруымен балабақша қызметкерлерінің әйелдер арасында спорттың бес түрінен спартакиадалық жарыс ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ: волейбол, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел тенисі сынды ойын түрлерінен жарысқа қатысушылар сынға түсті. Спорттық ойынға аудан бойынша жалпы саны 10 тәрбиеші қатысты.

Жарысты ұйымдастырудағы мақсат – балабақша қызметкерлері арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салты жөніндегі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу және балабақша тәрбиешілері арасында спорт ойындарын жан-жақты дамыту.

- «Бұл спорттық жарыстардың салауатты өмір сүруге, денсаулықтың нығайуына, сондай-ақ күнделікті қарбалас жұмыстардан бір сәтке сергіп, психологиялық-физиологиялық тұрғыдан болсын демалуға тигізер әсері зор»- дейді спартакиадаға қатысушы Орал Исижанова.

Тартысты өткен жарыс әділ қазылырдың төрелігімен қорытындыланды. Қорытынды бойынша, командалық есеп пен жеке есепте көп ұпай жинағаны үшін Балпық би кентінің «Қуаныш» балабақшасы I орын, Жарлыөзек ауылдық балабақшасы II орын, Мұқыры ауылдық «Қызғалдақ» балабақшасы III-орынды иеленіп, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Автор:
Әйгерім БАҚТЫБАЕВА өз тілшіміз