Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Шапағатты Басылым


28 августа 2009, 11:11 | 2 656 просмотров


Облыстық апталық қоғамдық-педогогикалық газеттің шыққанына көп уақыт бола қоймаса да, жалпы ұстаздар қауымы үшін ең сүйікті, сүзіп оқитын газетіне айналып үлгерді. Себебі, бұл газет ұстазға қажетті тақырыптардың барлығын қамти алған. Үлгілі ұстаздардың білім тәжірибелерін жас ұстаздарға үлгі іретінде де жариялап отыр. Әсіресе, жас ұрпаққа ұлттық рухта тәрбие беру жағына баса назар аударған басылым болып отыр. Мен зейнеткер ұстаз ретінде «Білім шапағаты» газетіне ақ жол тілей отырып, осы газетті шығарып отырған ұжымға шығармашылық табыс тілеймін.

Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін, тілін, дінін уағыздайтын басылым болатынына сенімдімін. Істерің алға баса берсін, Аллатағала шапағат нұрын шашсын!

Байнөсеров Ғабдулла Балабекұлы, Зейнеткер, ұстаз

Ұлт тәрбиесінің Жанашыры

Әрбір ана баласының бақытты болуын, еліне елеулі, білімді азамат болып өсуін қалайды. Бақыттың кілті – саналы білім. «Білім шапағаты» газеті жарық көргеннен бері оны үзбей оқып келемін. Әсіресе, балаларға арналған беттерді, ондағы берілетін ертегі, аңыз әңгімелерді, түрлі жаңылтпаш, жұмбақтарды қалдырмай, немерелеріме оқып, жаттатып отырамын. Қазір телеарналарда шетелдік үлгідегі, біздің салт-тәрбиемізге жат көрсетілімдер көрсете беретін болды ғой! Өйтіп ұрпақ санасын уландырғаннан гөрі, өзіміздің ұлттық тәрбие, өнегелеріміз бен білімімізді дәріптейтін салиқалы басылымдарды неге қолдамасқа?! «Білім шапағаты» газетінің ұлтымызға, болашақ ұрпақтарымызға берер пайдасы мол екенініне сенемін. Қаламдарыңыз мұқалмасын, қадамдарыңыз қарқынды болсын деген тілек айтамын!

Күлипа Мұхаметкаримова, ардагер ұстаз.