23 ноября 2012, 15:54 | 1 705 просмотров
Тізімді біліктілігі (IQ) 178 бірлікті құрайтын Аустралияның профессоры Тим Робертс құрастырған:
"IQ – адамның интеллектуалдық деңгейін анықтайтын мүмкіндік. Көптеген адамдар "IQ" тестінен өтіп көрмесе, кейбір адамдар көрсеткішті жақсарту мақсатында бірнеше мәрте өткен.
Психологтар осы бір әдісті әлі күнге дейін адамның біліктілігін анықтауға болатын бірден-бір мүмкіндік деп қарастырып келе жатыр" - дейді. Ендеше, жоғары көрсеткішке ие кімдер бар екен?
Естеріңізге сала кетсек, "IQ"-дің орташа көрсеткіші - 100 бірлік. Көбіне адамдар 85 пен 114-тың аралығында бірлік жинайтын көрінеді. Ал егер 140-тан асқандардікі жоғары саналса, 160-тан асқандардікі ғажап болып есептеледі.
ВЕДРАН ГЛАЙСИКТІҢ БІЛІКТІЛІК ДЕҢГЕЙІ - 175
Ұлты: Босниялық
Шыққан тегі босниялық Ведран экспериментальды музыка мен математика саласын, шахмат ойындарының қиындықтарын шешуді ұнатады.
МИК ДЕМПСИДІҢ БІЛІКТІЛІК ДЕҢГЕЙІ - 171
Ұлты: Британдық
Психологиядан хабардар азамат Хертфордшир мекенінде жергілікті әкімшілікте кіші көмекші болып жұмыс атқарады.
Бос уақытында Джон Фолкнердің джазын тыңдап, "Эвертон" командасына қолдау көрсетеді.
САНТАНУ СЕНГУПТАНЫҢ БІЛІКТІЛІК ДЕҢГЕЙІ - 174
Ұлты: Үнділік
"МВА"-ның дәрежесіне ие Сенгупта аэроғарыштық инженерияның бакалавриатын тәмәмдап шыққан.
Бос уақытында 34 жастағы үнділік данышпан қыдыру мен сөзжұмбақтарды шешуді, ақ ішуді ұнататын болып шықты.
Тадаюки Конноның біліктілік деңгейі - 176
Ли Ханкъёонгтің біліктілік деңгейі - 177
Тим Робертстің біліктілік деңгейі - 178
Патрик Циммершидтің біліктілік деңгейі - 178
Кеннет Феррелдің біліктілік деңгейі -190
Рик Роснердің біліктілік деңгейі - 192
Евангелос Кацуолистің біліктілік деңгейі - 198