Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Әріптес пікірі


23 ноября 2012, 15:56 | 4 932 просмотра


Мамырбекова Әлия Ғадылқызы

№4 орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі

- Күлжиан Құлбаеваның бір сыныбын мен 5 сыныпта өз жетекшілігіме қабылдап алдым. Сонда байқағаным Күлжиан ұстаздың оқушыларының өздерін басқару қабілеттері жақсы дамыған. Оқушылары өз беттерімен сабаққа әзірленіп, ұстаздың айтуынсыз не істесе де саналы түрде жасайтын. Бастауышта оқытқан оқушыларының ішінде алғыр балалар көп болды. Бүгінде сол шәкірттері мектепті бітірді, көбі грантқа түсті. Осының бәрі алғашқы ұстаздың жақсылығынан деп ойлаймын. «Білімнің негізгі іргетасы- бастауышта қаланады » деген педогогтар арасында тәмсіл бар. Осы сөздің жаны барын Күлжиан апайдың оқушылары дәлелдегендей.

Автор:
-------