Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ОРГАНИЗМНІҢ СҰЙЫҚ ОРТАСЫ


23 ноября 2012, 15:56 | 3 759 просмотров


Сабақтың мақсаты:

1. Тірі жасушалар мен дене ұлпасының ішкі ортасындағы элементтері ретінде қан туралы және қан жасушалары, олардың қызметі мен қанның құрамы, қасиеттері жайлы білімдерін жетілдіру.

2. Өткен сабақтағы алған білімдерін толықтырып, оқушылардың ойлау, пікір таластыру, салыстыру, ой қорытындылау және шығармашылық деңгейлерін дамыту.

3. Адамгершілікке, топпен жұмыс істеуге, ізденімпаздыққа, ұқыптылаққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы.

Сабақтың әдісі: - сын тұрғысынан ойлау;

- салыстыру;

- талдау;

- ой қорыту

Көрнекіліктер: тірек сызбамен жұмыс.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын қайталау, өткен тарауды қорытындылау.

Жоспар:

1. «Қан - өмір сыйлаушы»

2. Венн диаграммасы. (3 топпен жұмыс)

3 Анатомиялық көрсеткіштер бойынша кестемен жұмыс

4. Кесте бойнша сәйкес қасиеттерін табу

5. Кодты диктант

6. Қосымша материялдарды талдау

7. Сөзжұмбақ шешу

8. Тест сұрақтары

І. Кезең:

1. Организмнің ішкі ортасы неден түзілген? Ол қандай рөл атқарады?

2. Қан неден тұрады?

3. Қан қандай қызмет атқарады?

Қан плазмасы құрамын атаңдар.

1. Эритроциттер қандай қызмет атқарады?

2. Эритроциттердің құрылысы мен қызметі?

3. Гемоглобин дегеніміз не?

Лейкоциттер

1. Лейкоциттердің құрылысы мен қызметі неге байланысты?

2. Жұқпалы аурулар неден болады?

3. Фагоцитоз мәні неде?

4. Бұл құбылысты кім ашты?

1. Иммунитет дегеніміз не?

2. Туа біткен иммунитетті сипаттаңдар.

3. Жүре пайда болған иммунитет қалай сипатталады?

4. ЖИТС- тен қалай сақтануға болады?

ІІ. Венн диаграммасы. Кесте толтыру. Мұнда сыныптағы 3 топқа үш түрлі тапсырма беріледі.

1-топ иммунитет түрлерін;

2-топ эритроциттер мен лейкоциттерге тән белгілерін;

3-топ қанның ұюы, тромбоциттер.

ІІІ. Төмендегі берілген анатомиялық көрсеткіштерді пайдалана отырып кестені толтыру.

1. Қанның қызыл түйіршіктері.

2. Ағзаны қоректендіруші жасуша.

3. Ірі ядролы қан жасушасы.

4. Құрамында гемоглобині бар жасуша.

5. Амин қышқылдарын тасымалдайды.

6. Ағзадағы судың мөлшерін реттеуге қатысады.

7. Ағзаны микробтардан қорғайды.

8. Амебатәрізді қозғалғыш жасуша.

ІV. Кестенің А тобындағы жазылған компоненттерге сәйкес қасиеттерді кестенің Б тобынан табыңыздар.

V. Кодты диктант:

1. Торланған фибрин талшықтарына қанның қызыл түсті жасушалары ... шырмалады да іркілдек зат – тромба түзіледі.

2. Қан аздық ауруының пайда болуы бірнеше жағдайға байланысты. Бірінші жағдай ......... эритроциттердің аз жасалып шығарылуы. Оның себебі ........ түзілуі үшін қажетті.... ..... ..... , ..... , темір жетіспеуі және жілік майында түрлі .... қосылыстардың әсер етуі.

3. Лимфа түйіндері лимфаның құрамына түскен улы заттарды, ....., ..... және .т.б. сүзіп, кейбіреулерін ағзаға зиянсыз түрге айналдырады. Лимфа түйіндерінің бұл ..... қызметі. Лимфациттер лимфа түйіндерінде, .... түзіледі.

4. Ересек адамның жүрегі 70-75 рет жиырылып, босаңсиды. Мұны жүректің .... немесе .... дейді.

5. Ревматизм ауруымен ауырғанда .... шаншып, сырқырап қызметі бұзылады. Сондықтан Француз дәрігері Лансеч: «..... буындарды және ми қабығын жаулап қана қоймайды – ол ..... тістейді»,-деген.

VI. Қосымша материялдарды талдау:

Әр топтағы оқушылар өздері дайындаған қосымша материялдарын талдайды.

1-топ: Мечников еңбектері

2-топ: Эдуард Дженнер ашқан жаңалық.

3-топ: Луи Пастердің зерттеу жұмыстары

1)Терінің беткі қабатын, мүшелердің сілемейлі қабығын және көптеген бездерді түзетін ұлпа.

2)Жүрек еті.

3)Ұлпа сұйықтығынан түзілетін және ақшыл сарғыш түсті сұйықтық.

4)Қанның ең кішкентай, түссіз, ядросыз формалық элементтері.

5)Қан ұюында маңызды рөл атқарады.

6)Ядросы бар және белсенді онордан қан алатын қозғалатын ақ қан жасушалары.

7)Донордан қан алатын адамды қалай атайды.

8)Қанға қызыл түс беретін зат.

9)Тепе-тендік мүшесі.

ІХ. Қорытынды. Тест сұрақтары.

1. Ағзаның ішкі ортасы

а) қан

в) гемолимфа

с) жасуша аралық сұйықтық

д) қанның плазмасы

е) қан, лимфа, жасуша аралық сұйықтық

2. Қанның құрамына кіреді:

а) плазма, формалық элементтер

в) су

с) қызыл қан жасушалары

д) минералды тұздар және ақуыздар

е) қапшық плазмасы

3. Эритроциттер қай жерде түзіледі?

а) қызыл сүйек миында

в) бауырда

с) көк бауырда

д) лимфатикалық түйіндерде

е) бүйректе

4. Тромбының негізін не құрайды?

а) фибриноген

в) фибрин

с) тромбин

д) қанның плазмасы

11. Белсенді ұзақ мерзімді иммунитет қалай түзіледі?

а) сарысу енгізгенде

в) вакцина енгізгенде

с) антитоксин енгізгенде

д) глабулиндер енгізгенде

е) ананың сүтімен беріледі

14. Эритроциттер қайда жойылады?

а) сүйектің қызы кемігі

в) бауыр

с) өкпе

д) бүйрек

е) лимфа түйіндері

15. Лейкоциттер қайда пайда болады?

а) қызыл сүйек миында

в) лимфатикалық түйінде

с) бауырда

д) қан жасушаларынан түзіледі

е) бүйректе.

Х. Бағалау.

ХІ. Үйге тапсырма. «Қан өмір сыйлаушы» тақырыбы бойынша шығарма жазу.

Автор:
Гульнара МОЛДАКУЛОВА, Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп, МДШО ММ биология пәнінің мұғалімі, Ұзынағаш ауылы, Жамбыл ауданы