Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚИЫН БАЛА ДЕГЕН КІМ, ОНЫ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ?


23 ноября 2012, 15:57 | 2 635 просмотров


Сан ғасыр жасаған халық даналығымен бізге жеткен мынандай ақиқат бар: баланың жақсысы әке мен шешенің ары, ата- ананың абыройы, жаманы қайғы, бақытсыздық, азаб. Осы баланың қиын аталуы аз ғана уақыттың нәтижесі емес. Әдетте, бала мектепке дейінгі және оқу кезеңдеріндегі өсу, даму эволюциясынан өтеді. Сол кездерде отбасындағы тәрбиеде кеткен кемшіліктер мен оқу- тәрбие жұмысындағы ақаулар ұштасып, баланың қалыпты жағдайдан ауытқуына себепші болады.

Әсіресе, отбасында қалыптасқан микро климат отбасы мүшелерінің бір –бірімен қарым- қатынасы , үй тіршілігіни әрқайсысының шама- шарқына қарай бөлісіп атқаруы, адамгершілік қадір – қасиет, қоршаған ортаға көз қарасы, дүние танымы, олардан алатын әсерлері мен күнделікті әдет- дағдылары баланың мінез құлқының жақсы, не жаман болып өсуіне көп ықпал етеді. Қиын баланың пайда болуындағы объективтік және субъективтік факторлар ретінде мынандай себептерді айтқан орынды. Біріншіден, білім мен мәдени өрісі төмен ата аналар баласының ішкі жан дүниесіне үңілмей, педагогикалық заңдылыққа сыймайтын талап- тілек қояды, әрі оны сөзсіз орындауын талап етеді. Бұл жердегі қателік балаға қойылған талаптың оның жасына, қабілетіне, іскерлігіне, мүмкіндігіне сай келу - келмеуін ескермеуде. Соның салдарынан бала отбасы ортасында адамгершілік қадір – қасиеттермен эстетикалық сезім талғамдары, логикалық ой өрісі жағынан өмір талабына сай өріс ала алмайды.

Үнемі ұрыс – жанжал, төбелес , бірін –бірі жәбірлеу кездесіп тұратын отбасыларында өскен балалардың 40- 43% -ы, ішімдік орын алған ортада өскен балалардың 30%, жезөкшелікпен моральға қайшы әдеттермен айналысатын ата –ана өсірген балалардың 12% «қиын» бала аталады. Оларға тән қасиеттер дөрекілік, қатыгездік, ұрлық, жалқаулық, қиқарлық т.б. жағымсыз мінездер. Көптеген ата – аналар өндірістік еңбектен бала тәрбиелеуге қолы босамайтынын, уақыт аздығын сылтау етеді. Соны желеу ететіндердің көпшілігі баласының кешкісін және бос уақытында немен айналасатынын, кімдермен бірге жүретінін біле бермейді.

Елімізде еңбекпен айналыспайтын адам кемде – кем, өндірістік міндетін творчествалықпен атқара жүріп тәрбиелі, іскер , білімді, мәдениетті азамат, өсірген ата- аналар да мыңдап саналады. Олардан үйренетін жақсы дәстүр баланы жасынан өзі қызығатын нәрсеге қарай баулып, бос сенделуге жол бермеуі (музыка, спорт түрлі үйірме жұмыстары ) әрі үйдегі үлкенді кішілі мәселенің бәріне баланы араластырып, ортақ мүдде үшін міндеттілікке, жауапкершілікке тәрбиелеуі. Баланың жас ерекшелігіне мән берудің зор маңызы бар. Олардың 13-14 жасқа аяқ басқандығы бір ерекшілігі , жора – жолдастарымен оңаша сұхбаттауға, әсіресе кешке қарай қыдыруға әуестігі басталады. Сондай сәтте жолдастары кім? Қай жерде болады, немен айналысады, түнге қарай мектеп режимінде белгіленген уақыттан аспау сияқты тәртіпті ескермеген ата –анаға баласын уысынан шығарып алу қиын емес. Ал бетімен жүрген , әсіресе түн жарымға дейін көше торыған қаңғыбастар қоғам, заң тәртібін бұзуға бейім келеді. Немесе сондайлардың ықпалына тез түсуі де ғажап емес. Отбасына қандай, қай жастағы бала болсын онымен санасып, жеке ерекшелегін ескеріп, ақылдасып отырған мақұл. Жеткіншек бала өзінің өмір тәжірибесінің аздығына, білімінің әлі таяздығына қарамай «ересектерден кем білмеймін, қолымнан бәрі келеді» деп есептейді. Бұл кезеңде айтылған құрғақ ақылға құлақ қойғысы келмейді. Баланың осы кездегі ерекшелігін педагогикалық талапқа сай басқара білмеген адам оны түзеудің орнына бұзып алуы қиын емес. Мысалы, әке ұлының, шеше қызының жан дүниесінің үңіліп, жан сырын аша білсе, үлкенге деген сенімді күшейтеді. Зор сенім мен құрметке ие болған ата- ана мен педагог баланы жан- жақты дамытуға мүмкіндік табады. Қандай қиын бала болса да оның ар –ожданына тимей, жеке- ерекшелігін ескеріп икемі бар жаққа қарай баули білу қоғамдық пайдалы істерге қарай икемдеу, тындырған ісіне баға беруде де қырағылық таныту, оның алдына айқын мақсат қойдыра білу және оған жетуге көмектесу сияқты сан- саналы тынымсыз тәрбие жұмысы арқылы ғана мақсатқа жетуге болады. Қиқар балаға қалай ғана әсер етуге болады? Егер ол кіші жастағы бала болса біріншіден – мұның өзі негізгі нәрсе тыйым салуға деген ата – аналық правоны теріс пайдаланбаңыздар. Ең алдымен сәбиді түсінуге, оның қиқарлығының бастау көзін анықтауға тырысыңыздар. 3-4 жастан бастап – ақ сәби көбінесе сізді түсініп, ақыл сөзге құлақ аса алады. Ал егер сәби қыңырлық көрсетсе істі жанжалға жеткізбеңіз. Баланың назарын басқаға аударып, тыныштандырыңыз, содан кейін ғана өзіңіздің талабаңызға оралыңыз. Қиқарлықты қалдыру үшін, оған сабырмен қол жеткізіңіз. Мұның бірінші жолы баланың нені істеуге болатыны мен нені істеуге болмайтынына үйрететін кішкентайынан бастап қалыптасқан тәртіп комплексі.

Балалар өміріндегі жасөспірімдік кезең – бұл ауыспалы кезең. Жасөспірімнің түсінігі бойынша: ол ерліктің, есеюдің көрінісі, ересек болып көрінгісі келіп, темекі шегуді бастайды. Темекі шегетін оқушы мектепте қалыптасқан тәртіп жүйесін бұзады, ата – аналарының, достарының айтқан кеңестерін тыңдамайды.

Жанұяда ата- ана мен балалардың арасында өзара түсініспеушіліктің, немқұрайдылықтың ата – аналар тарапынан бақылаудың төмендегі – мұның бәрі есірткеге бой ұрудың себептері.

Ислам ғалымдары діннің мақсатын түсіндірген кезде, аят пен Пайғамбардың қасиетті сөздерінің нақтылы пайлана отырып, төмендегі негізгі тауарларды анықталған. Соның бірі : «Ұрпақты қорғау».

Ұлы дініміз, жастардың улы және зиянды заттарға тәуелді болмауын текті отбасы тәрбиесінен және ұлттық діни тәрбиеден бастау алары сөзсіз дейді.

Ата – бабаларымыз баланы туысымен тәрбиелеуді қолға алған. Жастарға тәрбие жетіспей жатыр, сондықтан тәрбиенің ұтымды түрі – ұлттық педагогиканы қолдауға көшкен жөн.

Ұрпақ бұзылмау үшін ұлттық педагогикалық тәрбиесімен шұғылдану керек. Ол Құран Кәрімде айтылған. Құран талабы өте қатал. Өтірік айтпа, ұрлама, жәбірлеме, қорлама, білім ал, отбасында тату бол, тағы басқа да адамшылық қасиеттер туралы баса айтылған.

Адал ішіп же, жақсылықты жақтап жамандықтан жирену, өсек айтпау жаман нәрсені таңдамау, әке – шешеге жақсылық жасау, оған бағыну туған –туыспен қарым – қатынаста болу, ішімдік ішпеу, есірткеден аулақ болу, өтірік ант етпеу, менмен болмау, зинақорлық жасамау, жетімнің малын жемеу, таза болу сияқты 54 парызы бар.

Ислам – өмірдің барлық ережелерін қамтиды. Ол – ешбір кемшіліксіз, заңдарды жинағы. Батыстың атақты ғұламасы Иоган Гете Құран Кәрім жайыда: « Кітаптардың кітабы екеніне имандай сенемін » дейді. Ендеше ғұламалар бас иген Құранды біз неге бала бойына жасынан дарытпаймыз, үйретпейміз. Балаларымызды тәрбиелеуде бұның артықшылығы жоқ.

Қазіргі кезде ата- ананың дұрыс тәрбие бермеуінен, балаларға жеткілікті көңіл бөлмеуінен жас балалардың түрі секталар жетегінде кетуі, өзге дін ұйымдарына кіріп кетуі кездесе бастады. Басқа дінге өту дегеніміз, өз ата- бабаларыңды, өзінің қазақ екеніңді ұмыту. Ұрпақ келешігінің жолына тосқауыл қою. Басқа діндердегілер сан мыңдап кітап шығарып, теледидардан өз уағыздарын айтып, өз діндеріне шақырып, өздеріне тартып жатқаны барша жұртқа белгілі жайт. Басты назарды мектеп оқушыларына аударулары бекер емес. Балаларды басқа дінге уағыздауы басым, өйткені баланың аты – бала. Психикасы өте нәзік. Мақтап – мадақтап, аңқау баланы басқа дінге сендіру оңай. Баланы имандылыққа тәрбиелеуде Алланың ақ үйінің, адамдарды тәрбиелеу ісіне көп ықпалын тигізетіндігі белгілі. Сол себепті қазіргі заманда өз еркімен мектепте дін оқуында оқытқан жөн сияқты. Мұның өзі бастауыш сыныптарының 1-4 сыныптарында ғана эксперимент ретінде, жұмысына 0,5 сағат ғана берілсе жеткілікті.

Ислам ілімі, дініміз, тіліміздің тазалығы үшін күресуімізге ешкімнің таласы жоқ.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында « Біз Исламның, басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп әрі дамыта отырып, осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз» деген сөзі бекер айтылмаған болар.

Ислам ілімін оқып үйренген бала жамандықтан аулақ болатынына сенімім мол.

Автор:
Б.Б.БАСТАУБАЕВА, Қадырғали Жалайыр атындағы №6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шеңгелді ауылы, Қапшағай қаласы