Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«МАХАББАТ-ӨМІР КӨРКІ...»


23 ноября 2012, 15:57 | 2 332 просмотра


1.Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

I Білу

Қызығушылықты ояту кезеңі

Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні ойнап тұрады:

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңінің бір шумағы оқылады /Үнтаспа арқылы/ Өлеңнің авторын сұрау.

Оқушы жауабы: Бұл өлеңнің авторы М.Әуезов «қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп атаған көркем әдеби тілдің негізін салған реформатор,ойшыл,лирик ақын,шебер аудармашы,сазгер «поэзия пайғамбары» - Абай Құнанбаев

Мұғалім сөзі: - Бүгінде Абайды бүкіл әлем таниды десек қателеспейміз.Қазір бізге қонаққа ағылшын ұлтының өкілдері қатысып отыр .Ұлы ақын шығармаларымен танысқан соң ақын туындылары туралы бізбен ой бөліскелі келіпті.Сабағымызда әлемдегі ең құдіретті сезім -махаббат,адамдық,достық туралы сөз қозғамақпыз

Ағылшын тілі пәні мұғалімі:

Hello, dear guests. We have gathered today to speak about the world –known writer and poet, philosopher and composer Abai Kunanbaev. We were impressed by his creative works and we want to talk about the most beautiful feeling on the earth – about love.

II Түсіну

Мағынаны тану, ажырату кезеңі

1.Абай достық , махаббат ,адамдық туралы қай қарасөзінді ой өрбіткен?

Жауап-«Отыз сегізінші» сөзінде

-Ендеше,38-сөзден үзілді тыңдап көрейік

1.Оқушылар үзіндіні жатқа оқиды/

2.Осы қарасөзде Абайдың айтқысы келген ойы не?

Оқушылар жауабы .

1)Бұл жерде ұлы ойшыл адамның өсіп-өнуі үшін досын көбейту керектігін, ол үшін досыңа қолыңнан келгенше жақсылық жасауды, шың сезім,адал-ниеттің достық шақыратынын айтқан.

2)Абай атамыз жаманшылықтан,өзімшілдіктен,қастықтан аулақ болуға үндейді, себебі оларды адамдықты бұзып,дұшпандық,күншілдікті қозғайтұғын нәрселер деп біледі.Бойында ондай нәрселер бар адам нағыз дос бола алмайды

3)Данышпан Абай адам баласы білімсіздіктен,жалқаулықтан,қиянатшылдықтан аулақ болғанда ғана адамдық жолға түсетінін ескерткен.Адамның жүрегі таза,білімді,иманды болғанда ғана өзгеге де, өзіне де махаббат сезімін сыйлай алады.

Ағылшын тілінде оқушы Абайдың қарасөзі туралы пікірін айтады

I want to quote some words of Abai’s address to future generation about love: “My dear children, the solace of my heart! I have just written a few words on human actions, and I bequeath what I have written to you as a momento. Read carefully and try to understand the meaning of this words, and your hearts will be full of love. Now, human love is inseparable from human reason, intelligence and loving kindness. The source of this virtues are the perfection that are bestowed on man from his birth: sound health and beautiful appearance, the rest depends of the nobility of soul of one’s father and mother, on wise mentors and kind friends .”

3.-Адам болу,адамгершілік сезім туралы Абай өлеңдеріне тоқталсақ

Оқушылар жауабы:

1) Бар сұлулықты бойына жиған Абай өлеңдері рухани биіктерге,құштарлыққа тәрбиелейді. Ақынның қай өленің алсақ та астарлы ойы мен идеясынан адамгершілікке тән асыл қасиеттерді (ар,ұят,намыс,иман,ақыл,білім,ғылым) бойына дарыта алмаған ел-жұртын сүйген немесе адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды оқып білеміз. «Жүректе қайрат болмаса» өлеңін оқиды.

2) «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек»өлеңін оқып,талдайды.

Ағылшын тілінде махаббат туралы жалпы түсінік айтылады

1.We understand very well that we speak about love but we don’t mean only the love of a man to a woman but also about the love of the mother to children, as this a very extended feeling, and of course the love to the nature, motherland, knowledge and mankind.

2. You now of course that today is the first spring day. We have been waiting for this season for a long time. Everything awakens in spring time. Nature is in full blossom and certainly feelings become stronger and everyone has high spirits in their hearts. Many poets write their

3.Абайдың «Жазғытұры» өлеңінің ағылшын тіліндегі аудармасын 2 оқушы оқиды

V Топтау

1.«Махаббат» сөзінің шығу төркіні

2.«Махаббат» сөзіне қауымдасатын сөздерді табу (қазақ тілінде)

3. «Достық» сөзіне қауымдасатын сөздерді табу (ағылшын тілінде)

4. Қазақ тіліндегі сөздерді ағылшын тіліне, ағылшын тіліндегі сөздерді қазақ тіліне аудару.

5. Оқушылар осы сабақта нені үйренгенін жазып, тақтадағы ағаштың бұтағына ілу.

VI. Бағалау.

Мұғалім сөзі: Алдарыңдағы аппақ гүл күлтелеріне бүгінгі сабақ тақырыбына байланысты бір-бірлеріңе деген ақ ниеттеріңді, тілектеріңді қазақ, ағылшын тілдерінде жазып, бірлесе отырып түймедағы гүлін жасап шығару керек. (Оқушылар өз тілектерін жазып, ауызша айтып, түймедағы гүлін құрастырады).

Сабақты қорытындылау.

Ұлы Абай:

«Күн – күйеу, жер – қалыңдық сағынышты,

құмары екеуінің сондай күшті»,- деп табиғатты да киелі сезімнің құндағына бөлейді. Күн мен Жердің «ынтықтығынан» жер бетінде адамзат, хайуанат- тіршілік атаулы өсіп-өрбиді. «Желсіз түндегі жарық айдың астында» ғашық жандар табысады. Махаббат – өмірдің сәні. Ол өмірді жайнатып жібереді. Жүрегі сезім шуағына толы жан иманды болмақ. Жүрегі таза махаббат сезіміне бөленген адам өзіне де, өзгелерге де жан жылуын бере алады. Сендерге тілегіміз: көңілдерің өздерің құрастырған гүлдей аппақ, кіршіксіз таза, жүректерің махаббатқа толы болсын!

Үйге тапсырма: «Махаббат – өмір көркі» тақырыбында ой-толғау жазу.

Автор:
А.К. НҰРСЕИІТОВА, №14 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Н.Л.Бегина, №14 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Талдықорған қаласы.