Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МЕЙІРІМДІЛІК ЖҮРЕКТЕН


23 ноября 2012, 15:58 | 2 628 просмотров


Сабақтың мақсаты: 1. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы шексіз махаббат құдіретін сезіндіру.

2. Өз ойларын ашық айта білуге, берілген сұраққа ойланып нақтылы толық жауап бере білуге, бір-бірін түсіне білуге, сүюге үйрету.

3. Адамгершілікке, имандылыққа, адалдыққа, тату, мейірімді болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: психологиялық тренинг сабақ

Көрнекілігі: ұлағатты сөздер

1. Ата-асқар тау,

Ана-бауырындағы бұлақ,

Бала-жағасындағы құрақ

2. Жылуы бар жүректен жылытатын сөз шығар

Сабақ барысы:

«Жымию»жаттығуы

«Жымию» адамзат баласына үлкен әсер ететін нәрсе. «Жымию» арқылы көп жақсы нәрселерге қол жеткізуге болады. Бірінші рет көріп тұрған адаммен жымиып амандасып, жымиып қоштассаңыз, ол адамға бір жағынан тәрбиелік әсер етсе, екінші жағынан өз бойыңызда мәдени әлеуметтік кеңістік бар екендігін аңғартады. Адам ғана емес, жымиғанда хайуандар да сүйкімді, мейірімді болады.

Қанеки, бәріміз бір-бірімізге қарап жүрегімізбен жымияйықшы. Бала үшін жымиюдың мәні өте зор екенін ешуақытта да естен шығармайық. Жымиып, күлімсіреп амандасу- иманжүзділік, именіп тұру-әдептілік

«Қара күйе көбелегін аулау» жаттығуы

Жүрегіміз мейірімді болу үшін, жүрегіміздегі адамгершілікке жат қасиеттерді жояйық. Ол қасиеттер қара күйе көбелегіндей қаптап ұшып жүр. Оны қалай өлтіру керек екендігін көрсетемін. Сіздер қайталаңыздар.

Өтірік айту –ауада. Мақтаншақтық-көршіңіздің иығында. Күйзеліс- жүректеріңізде. Қатыгездік-бауырларыңызда. Ашу-ыза-ауыздарыңызда. Жалқаулық-желкелеріңізде. Дау-жанжал-бастарыңызда. Өсек-құлақтарыңызда. Тойымсыздық-қарнынызда. Өкпешілдік-өкпеңізде. Еріншектік –тізелеріңізде. Зорлық-алақандарыңызда.

Жақсы істерді жасауға асығайық, әйтпесе жас ұрпақ үлкендердің қателіктерін кешірмес және біздің мемлекеттің өркендеуін қорғауға лайықты бола алмайды.

«Әріптерден басталады аялау» жаттығуы.

Әркімде аяушылық сезімі болуы керек. Аяушылық сезімі жоқ адам қауіпті. Мейірімділік жүректен бастау алады. Жылуы бар жүректен жылытатын сөз шығады.

Балаларға, ата-аналарға әріптер беріледі. Қатысушылардың міндеті сол әріптен басталатын әдемі сөздерді көбірек жазу керек.

Қарға сүйеді баласын «аппағым» деп

Ақылдым, аяулым, асылым,

Қ

Құлыным, қызығым, құндызым.

Ж

Жүрегім, жұлдызым, жарқыным, жаным.

Б

Ботам, болашағым, байлығым.

Ана- анаңды аяла

А Анашым, ақылшым, аяулым.

С Сүйіктім, сұлуым, сырласым.

Ата-ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ата-ана дейді жас сәби де жарқылдап,

Ата-ана деген бәйтерегі өмірдің

Ата-ана деген алтын қазық, алтын бақ

«Менің жағымды, жағымсыз жақтарым» жаттығуы

Ата-аналарға және балаларға жүректер таратылады.

Ата-аналар жүрекшенің бір жағына балаларының бойынан көргісі келмейтін жағымсыз қасиеттермен, көргісі келетін жағымды қасиеттерді жазады. Балаларда ата-аналарының бойынан көргісі келмейтін жағымсыз қасиеттермен, көргісі келетін жағымды қасиеттерді жазады. Жазып болғаннан кейін ата-аналар мен балалар жүрекшенің жағымсыз қасиет жазылған жағын жыртып-жыртып қоқыс жәшігіне тастайды. Міне, осылай бойдағы жағымсыз қасиеттерден арыламыз.Ал жағымды жақтарын ата-аналар балаларының кеудесіне, балалар ата-анасының кеудесіне апарып қадайды. Енді сіздердің бойларыңызда жағымды қасиеттер ғана қалды деп есептейік.

Алдымен сүй ардақты ата-ананды,

Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.

Бар жақсылық балаға бұл ғаламда,

Мейірімінен ата-ананың жасалады.

«Күн шуақты алаңқай» жаттығуы

Күн шуақты, көк шалғынды алаңқай салынған ватман қағазы.

Біздің топта жарық, ол күн шуағына, жүректердің жылуына толы. Өздеріңізді ғажайып күн шуағы алаңқайында, гүлдер толы жердемін деп елестетіңіздер. Бұлар сан түрлі қызыл-сары гүлдер. Осы алаңқайдан әркім өзінің гүлін табады. Ал, енді қағаз, қарындаш, фломастерлер алып, қиялыңыздағы гүлді салыңыз.Осы гүлді қырқып, бояп және оған тілек жазып күн шуақты алаңқайға жапсырыңыздар. Қараңыздаршы, гүлге толы таңғажайып алаңқай шықты. Оған жақындасаңыздар жақсы тілектер оқи аласыздар, әрі керемет гүлдердің хош иісін сезінесіздер.

«Келесіде кездескенше» жаттығуы

«Күн» жұмсақ ойыншығы.

Менің қолымда ғажайып күн. Ол бүгінгі күнге шуақ шашып, бізге жылылық, қуаныш, бақыт әкеледі. Сіздер осы күнді бір-біріңізге беріп, бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізбен бөлісіп, тілектеріңізді топ қатысушыларына арнайсыздар.

Біздің бүгінгі тренингіміз аяқталды. Бірақ біздер келесі тренингте кездесеміз деген үмітпен қоштасамыз.

Автор:
Салтанат АУБАКИРОВА Ғани Мұратбаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік мекемесінің педагог-психологы Ақсу ауданы