Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҰЛТТЫ ҰЛТ ЕТЕТІН- ТІЛ


23 ноября 2012, 15:59 | 1 989 просмотров



Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тіл туралы білімдерін жетілдіру.Қазақ тілі-ана тілінің құдыреттілігіне ,өрлігіне орасан зор байлығына мән бергізу.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі .Оқушыларды екі топқа бөліп,әділ қазылар алқасын сайлап алу.

ІІ Жүргізушінің сөзі.Құрметті көрермендер,сынып сағатына келген қонақтар,біздің «Ұлтты ұлт ететін-тіл» атты ашық сынып сағатымызға қош келдіңіздер.Сабақ екі топтың сайысы түрінде өтеді.Сайыс 7 турдан тұрады.

І Таныстыру.

ІІ Өзге тілдің бәрін біл...

ІІІ Көне сөздің мағынасын ашайық.

ІV Сөз құрау

VІ Өнерлі өрге жүзер.

VІІ Адам ісімен танылады.

Ана тілі- халықтың өткен ұрпағын ,қазіргі және келешек ұрпағын мәңгілік біріктіретін сенімді құрал.Ендеше өз тілімізді құрметтеп,аялайық.

Ана тілім бәрін айтар шежірем ,

Тілсіз нені білдіре алам не білем?

Тілім барда ғана мынау ғаламның,

Кілтін табар саналысы сезінем.

О ,адамдар қадіріне жетіңдер,

Ана тілің- анаң сыйлап өтіңдер.

Ортаға сайыскер екі топты шақырамыз.Екі топ мүшелері өздерін таныстырады.

ІІ Жүргізуші: Тіл адам баласының негізгі қасиеті. Сөз халқымыздың қымбат асыл байлығы.Мен оларды адамдар тәрізді ,олардың ішінде солдаттар сияқты елестетем.Олардың да жаны бар,қаны бар.Олар өмір сүреді.(Б.Момышұлы)

Келесі тур .Өзге тілдің бәрін біл...

Әр топ үш тілде дайындап келген жұмбақтарын келесі топқа жасырып ,

Ол топ жауабын үш тілде береді.

ІІІ Жүргізуші: Халық арасында кейбір сөздер қолданудан алынып қалып жатады бұл табиғи процесс. Сөздік қоры жағынан қазақ тілі ешкімнен кем де емес,кедей де емес.Қолдануден алынып қалған көне сөздердің мағынасын ашайық.

І топ «Бәжі басу »,жауап нұсқалары:

1)Ұрыға таңба басу

2)Киіз басу

3) Тоқ басу.

ІІтоп «Арамза» сөзі .Жауап нұсқалары:1) Итке тамақ беретін ыдыс

2)Мезгілсіз туған төл.

3)Ашып кеткен тамақ.

Базарлық, байғазы, тоқым қағар,көгентүп сөздерін қалай түсінесіңдер?

ІV Сөз құрау.Әр топ мүшелерінің алдына артына қыстырылған әріптерден бір минут ішінде сөз құрау.

Ітоп.

1)Нешеу ала болса ауыздағы кетеді?(алты)

2)Қорған болу.(пана)

3)Қасқырдың іеі ( апан)

4)Қазақстандағы скрикашы қыз.(Лана)

5)Арыстанның күшігі(алаң)

ІІ топ

1) Жылқының етінен жасалған тағам.(қазы)

2)Қойдың төлі.(қозы)

3) Баталы сөз балаға ...(азық)

4)Адамның басшысы ...(ақыл)

5)Жентті қандай дәннен жасайды? (тары)

VІ Өнерлі өрге жүзер.Топтардың дайындап келген ,ұлттар арасындағы қарым- қатынас, жайындағы көріністер ,әр ұлттың әндері, билері орындалады.

VІІ Адам ісімен танылады сайысы.

Ітоп:

1)Қазақ қыздары ішінде дастан жазған(14 жаста) Алмажан Азаматқызы (1823)

2) Қазақтың атақты биші қызы ? (Шара Жиенқұлова)

3) Ауыр атлетикадан жігіттер арасында екі мәрте әлем чемпионы

4) Кеңес одағының батыр атағын екі мәрте алған (Талғат Бигельдинов)

5) Алғашқы тарих профессоры (Санжар Асфендияров)

ІІ топ

1) Қазақ тілінде журнал («Айқап»1911-1915 ж) шығарған адам? (Мұхаметжан Сералин)

2) Темір жол инженері, тарихшы (Мұхаметжан Тынышбаев)

3) Қазақ әліппесін (Төте жазу жасаған) алғашқы оқу құралын жазған .... (Ахмет Байтұрсынұлы)

4) Эпопея жазған ... (Мұхтар Әуеэзов)

5) Ұзындыққа серкіруден 2012 жылы Қазақстанның әлем чемпионы атанған қызы

Қорытынды сөз. Әділ-қазы алқаларына беріледі.

Автор:
Кульгайша ИБРАИМОВА. «Петропавловск орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика пәнінің мұғалімі Саркан ауданы