Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЭЛЕКТР ҚЫЗДЫРҒЫШ ҚҰРАЛДАР. ҚЫЗДЫРУ ШАМДАРЫ


23 ноября 2012, 15:59 | 4 375 просмотров


Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға электр қыздырғыш құралдар мен шамдары туралы түсіндіру.

ә) Дамытушылық: Оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру,өздігімен жұмыс істеуге дағдыландыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

б) тәрбиелік: Физика пәніне деген қызығушылығын,икемділігін,дүниетанымын арттыру.

Көрнекілігі: Амперметр, шам, ток көзі, сөзжұмбақ, таратпалы карточкалар, 220В лампа,интерактивті тақта.

Сабақ түрі: Жарыс сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:оқушылардың назарын сабаққа аудару,сабақ жоспарымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:а)Үй тапсырмасы бойынша қайталау сұрақтарын беру.ауелі оқушылар үш топқа бөлінеді.

Біз сабағымызды жарыс түрінде қайталаймыз.

1.Миға шабуыл

2.Жұмбақ

3.Жарыс

4.Өткен сабақты қортындылау

5.Жаңа тақырып

Жарыс сабақ болған соң әрине әділ қазылар алқасы болады.әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Топ аттары

Топ ұрандары

І топ Ток күші

ІІ топ Кернеу

ІІІ топ Кедергілер

1.Қайталау сұрақтары:

І топ

1.Электр тогы дегеніміз не?

2.Ток күші дегеніміз не?

3. Ток күшінің өрнегі мен өлшем бірлігі қандай?

ІІ топ

1.Электр кернеуі дегеніміз не?

2.Электр кернеуін қандай құралмен өлшейміз?

3.Кернеудің формуласымен өлшем бірлігі ІІІ топ

1.Ом заңын тұжырымдаңдар?

2.Электр кедергісі дегеніміз не?

3. Электр кедергісінің формуласы мен өлшем бірлігі?

2. жұмбақ (әр топқа үш-үштен жұмбақ айтам қай топ көбірек дұрыс шешсе сол топ жеңеді.).

І ТОП

Үй үстінде алтын тас

Алайын десем, табылмас (Жұлдыз)

Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланам күн сайын жарық үшін (Ток)

Суға салсаң батпайды,

отқа салсаң жанбайды. (мұз)

ІІ ТОП

Жіпке ілдім мен өзім

Кіп-кішкентай Күн көзін (Электр шамы)‏

Шыр-шыр етеді, құлағыңнан өтеді (телефон)

Ешбір тіреусіз күнбез,

Ешбір сүйеусіз күнбез.

Ешкім көтере алмайтын күнбез,

Ешкім төңкере алмайтынкүнбез (Аспан)

ІІІ ТОП

Бар жоғын білмейміз

Онсыз өмір сүрмейміз (Ауа)

Шам, плита жұмысын жасай қалды

Ал оның есептеп-ақ басы айналды (Есептегіш)

Қозғалысқа келтіріп

Жылдамдығын береді

Өлшемдерін қарасаң

Ньютонға ол келеді( күш)

3.Ойланайық,шешейік

Берілгені Берілгені Берілгені

t=15мин U=120B U=120B

q=125Кл q=5Кл I=0.5A

I=? A=? R=?

4.Әділқазылар алқасына сөз берейік

5.Марапаттау

6.өткен сабақты қортындылау

ІІІ . Жаңа тақырып жоспары

а) кіріспе сұрақтары

1.Оқушылар біз күнелікті тұрмыста қандай жарықтандыру құрылғыларын қолданамыз?

2.біздің қолданып жұрген шамдарымыздың кернеуін,қуатын білесіңдерме?

ә) қауіпсіздік ережесін еске түсіру,танысу

б) кітаппен жұмыс

в) тәжірибе көрсету

г) Мұғалімнің жаңа сабақ материалын қорытындылауы

IV. Жаңа сабақты бекіту.

а) сұрақ-жауап әдісі

ә) есептер шығару

б) карточкамен жұмыс

в) сөзжұмбақ шешу.

V. Оқушылардың білімдерін бағалау

VІ. Үйге тапсырма беру.

Автор:
Назигүл РАХЫМБЕКҚЫЗЫ физика пәнінің мұғалімі МДШО Қаратал орта мектебі Ескелді ауданы