Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ОҚУЛЫҚТАР ӘР ТӨРТ ЖЫЛҒА ҒАНА ЖАРАМДЫ БОЛЫП ТАНЫЛАДЫ


23 ноября 2012, 15:59 | 1 776 просмотров


Білім және ғылым министрлігі тарпынан қабылданған ережеге сәйкес, жаңадан шығарылатын оқулықтар әрбір төрт жылға ғана жарамды болады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында еліміздің білім саласын оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесін талқылау барысында Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов мәлім етті.

«Жаңа ережеге сәйкес, оқулықтар баспадан шығаруға тек ол мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін ғана жолданады. Бұл ретте балама оқулықтар пайдаланылады. Мемлекет сонымен қатар, бұдан былай оқулықтар әзірлеу мен оларды басып шығару ісіне араласпайтын болады (мемлекеттік тапсырысты қоспағанда). Яғни, оқулықтар жекеменшік баспалардан шығарылады. Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігі мақұлдап, оқу процесіне пайдалануға ұсынылған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесі тек 4 оқу жылына жарамды болады», - дейді вице-министр.

Оның айтуынша, жаңа ережеге сәйкес, авторлар тобы 4 жылда бір рет оқулықтарға өзгерістер енгізіп отырады. Бұған дейін осы мәселе жүйелендірілмеген еді. «Екіншіден, барлық даярлау жұмыстары жекеменшік ұйымдарға беріліп, мемлекет бұған қаржы шығындамайды. Мемлекет тек қана оқулық сапасын қадағалап, оларға енгізілетін өзгерістерді жариялап отырады. Мәселен, биыл 2-9 сыныптар болса, келесі жылы 3-10 сыныптар оқулықтарына өзгерістер енгізіледі деген секілді. Бұл 4 жылдық кезеңде жекеменшік баспалар өздерінің жобаларын даярлайды. Кейіннен қаңтар мен шілде айлары арасында оқулықтар мемлекеттік сараптамаға алынады. Сараптама 60 күндік мерзім ішінде өз қорытындысын шығарып береді», - дейді М. Әбенов.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ