Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАЛҒАСУДА


23 ноября 2012, 16:00 | 1 868 просмотров



Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында «Барлық әлем мен үшін» он күндігі Республика көлемінде өтуде. Осы орайда «Алматы облысының ата-аналар комитеті», «Мүшелтой» балалар мен жасөспірімдер клубы қоғамдық бірлестігі және Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Балалар игілігі үшін – Во благо детство» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.

«Адамзат алдындағы зор міндет – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Сондықтан да біздің негізгі мақсатымыз – мүмкіндігі шектеулі балалар мәселесіне қоғамның көңілін аудара отырып, оларды ортаға тарту. Әр-түрлі қажеттіліктері бар балалар мен жастардың рухани дамуына, өзін-өзі тануға, өзін-өзі бағыттауға және өздерін қоғамның бір дәрежелі мүшесі ретінде санауға мүмкіндік туғызу» - дейді ұйымдастырушылар. Аталмыш шараға: Алматы облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры – Гүлнар Өмірбекқызы Ермекбаева, Талдықорған қаласының әкімінің орынбасары – Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев, қалалық білім басқармасының қамқорлық сектор маманы – Рита Омарқызы Жүнісова, қалалық әлеуметтік жұмыспен қамту бағдарламалар мекемесінің мүмкіндігі шектеулі бөлімінің бас маманы – Айгүл Кумарқызы Жақсыбекова және «Білім Шапағыты», «Жәрдем» газеттерінің өкілдері шақырылды.

Салтанатты шара жас жеткіншектердің, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың өнерімен және қалалық «Қуыршақ» театрының көрінісімен толықты.

Автор:
Әйгерім БАҚТЫБАЕВА өз тілшіміз