Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

СЫЗУ ПӘНІ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҒЫН ТӨМЕНГІ СЫНЫПТАРДАН БАСТАП БАЙЛАНЫСТЫРУ


7 декабря 2012, 14:04 | 3 927 просмотров



Қазіргі заманда сызба сала білмейтін және оны оқи білмейтін адамды сауатты деуге болмайды. Сондықтан жаза білу және оқи білу қандай қажет болса,сызба сала білу мен оны түсіне білу де сондай қажет. Технологиялық білім саласы адам тіршілігі үшін өте қажетті бола тұрса да оны оқыту мен білім беруге көп көңіл бөлген жөн.Технология пәнінде шығармашылық жоба деген бөлім бар.Бұл бөлімде шығармашылық жоба тақырыбында жоспар жасау.Әртүрлі жобаны орындау.Жобаны талқыға ұсыну болып табылады. Жобада көрнекті құралдар қолдану деген бөлім бар.Онда плакат қағаз,сызғыш,қалам,қарындаш,оқулық деп берілген.

Осы орайда сызу пәні еріксіз еске түседі.Оқушыларды төменгі сыныптан бастап сызба сызуға баулыған жөн болар еді.Оқушыларға алдымен әр нәрсе зат бұйым жасу үшін алдымен оның жобасын сызбаға түсіру керектігін түсіндірген дұрыс болар еді. Мәселен инженерлер мен сәулетші-ғалымдар ғылыми-техникалық маңызды есептерді шешуде сызбаны пайдаланады.Машина немесе құрылыс сызбасы бойынша олардың жасалғаннан, немесе тұрғызылғаннан кейін қандай болатынын алдын-ала көрсететін сызба.Егер жасалатын машина немесе құрылыс сәтті жобаланған болса,онда олардың сызбасына түзету жасалады.Сөйтіп қосымша материал мен қаражат жұмсамай ақ сызбаның көмегімен талапқа сай машина мен құрылыстардың жобасын жасауға болатынын түсіндіру маңызды.

Оқушыларды төменгі сыныптардан бастап сызбаға баулу керектігі осында.мысалы 5-сынып технология пәнінде берілген шығармашылық жоба үлгісінде ағаштан жасалған күрек тақырыбы бар. Ағаш күректен стандарт сызбасы болмаса да әр адам өзінің талабына байланысты ағаш күрегін жасайды. Ағаш күрек жасалмас бұрын алдымен оны сызбаға түсірген жөн.Міне осы орайда сызба сызу керекті еске түседі.Сызба сызу құралдарын қолдана отырып күректің бөлшектерін жеке-жеке сызбаға түсіруді оқушыларға түсіндіру керек.

Жоғарыда айтылғандай оқушыларға сызу пәні технология пәнімен тығыз байланыста екенін тағы да ескерткен жөн.Және де сызу пәні матиматикамен геометрия пәндерімен де тығыз байланыста екенін ұмытпаған дұрыс болар еді.Геометриядағы күрделі фигуралардың призма,цилиндр, конус т.с.с денелерді сызбаға түсіруде сызба қажеттілігін есте сақтау керек.

Қорытынды.

Сызба сызу үшін өлшей алу,қосу есептеу керек болады бұл баланың ойлау қабілетін дамытады.Сызба құралдарын дұрыс ұстай және қолдана білетін, ойлау қабілеті жетілген бала сызу пәнін тез жылдам игере алады деген сенімдемін.

Автор:
Серікбек ЖАНДИЛОВ, О.Кошевой атындағы орта мектебі технология және сызу пәнінің мұғалімі Ескелді ауданы.