Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АНА ТІЛІМ


7 декабря 2012, 14:10 | 1 957 просмотров



Ана тілім

Ана тілім - дара тілім, айбыным,

Сенсің менің таусылмайтын байлығым.

Ана тілім - дана тілім, тірлігім,

Сенсің менің жол бастарым, ай- күнім.

Ана тілмен әлдилеп анам мені,

Ана тілмен таныдым мен әлемді.

Ана тілмен сырын ұқтым өмірдің,

Ана тілмен бағалымын кәделі.

Ана тілің- арың бұл, қазағымның жыр-әні,

Таудан аққан мөлдір, тұнық бұлағы.

Аспандағы жұлдызы, жарқырағын шырағы.

Ешкімге оны қор қылмай, қорғайықшы қырағы.

Ана тілім, биік ұстар байрағым,

Сенсің менің мақтанышым, айбарым.

Жабырқау тартсам өмірде мынау кей кезде,

Қамқоршым болып, сол сәтте мені қайрадың.

Абай, Мағжан, Махамбеттер жырлаған,

Сезімімсің жүрегімде бүр жарған.

Бар қазаққа нұрлы шуақ боп таралған,

Аманатсың бабалардан сен қалған.

Туған тілім-анам, әкем, ғұмырым,

Мен өзіңді айтып жүрем ән қылып.

Туған тілім-жүрек үнім тұғырым,

Мен өзіңді жырлап өтем мәңгілік !

Автор:
Баян ОРЫНБЕКОВА М.Әубәкіров атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Екпінді ауылы, Алакөл ауданы, Алматы облысы.