Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТҮБІР МЕН ҚОСЫМШАНЫҢ ЖАЗЫЛУЫ


14 декабря 2012, 23:33 | 3 908 просмотров


Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға қосымша жалғанғанда түбір сөздің көп жерде өзгермейтінінмеңгертуге мүмкіндік туғызу.

2.Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.

Ұйымшылдыққа,адамгершілік қасиеттерді дамыту.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі: пікір алысу стратегиясы,ой бөлісу, тұжырымдау, интерактивті тақта.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, билеттер.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.

Балалардың назарын сабаққа аудару. Бүгінгі сабақтың ерекше болатынын ескерту.

II Үй тапсырмасы. 47- жаттығу.

1. Қызығушылығын ояту.

«Пікір алысу стратегиясы» бойынша сұрақ беру.

- Балалар қазір қай мезгіл?

- Қыс

- Қыста ауа райы қалай болады?

- Суық

- Қыстың күні аяғымызға не киеміз?

- Етік (Етік сөзін шығару )

- Етігімізді жөндейтін кім?

- Етікші (Етікші сөзін шығару)

- Етігімізді жөндегеніміз үшін кімге рахмет айтамыз?

- Етікшіге.( Етікшіге сөзін шығару.)

2.Мағынаны ашу.

Енді осы сөздердің жасалу жолдарына назар аударып, қандай қорытынды шығаруға болады.

III Жаңа сабақ. Түбір мен қосымшаның жазылуы мен танысамыз.

Сабағымыздың мақсаты түбірге жалғау жалғанғанда түбір сөздер өзгеріссіз қалатынын , түбірдің соңғы буыны жуан болса, оған

жалғанатын қосымша да жуан болатынын және түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса оған жалғанатын қосымша да жіңішке болтынын оқып танысамыз.

48-жаттығу. «Жеміс жинау» ойынын ойнау арқылы орындаймыз.

Ойынның мақсаты: Күй, жыр сөздеріне тиісті қосымша белгіленген

Шиені теру.

2. Әр қосымшаның жұрнақ, жалғау екенін айт.

3. Жалғау жалғанғанда түбір сөздің мағынасы өзгермейтінін айт.

49-жаттығу. Ұжымдық жұмыс.

1. Сөйлемдерді түсініп оқу.

2. Қарамен жазылған сөздерге қосымша жалғап жаз.

3. Түбір сөзге жалғанған қосымшалардың жуан,жіңішке болып келу себебін түсіндір.

IV Сергіту сәті.

V Бекіту: 51-жаттығу. Билет алып орындаймыз.

VI Қорыту. –Балалар біз бүгін не үйрендік?

1. Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, онда қандай қосымша жалғанады?

2. Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, онда қандай

Қандай қосымша жалғанады?

Мысалдар келтіру.

VII Үйге тапсырма. 50- жаттығу.Ереже жаттау.

VIII Бағалау.

Автор:
Алмагүл ИМАНҒАЛИЕВА «Қызылорақ орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» бастауыш сынып мұғалімі Қаракөз ауылы Ақсу ауданы