Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ


14 декабря 2012, 23:42 | 2 945 просмотров


Мақсаты: Оқушыларды ақиық ақын Мұқағали Мақатаев шығармашалығына байланысты өмір жолымен таныстыру. Отанды сүю, Туған жерді сүю, ақын жырларынан үлгі.

Көрнекіліктер: буклеттер, кітаптар көрмесі, нақыл сөздер, плакаттар.

Барысы: Ұйымдастыру.

Оқушы: Асығу керек,

Тындыру керек барлығын.

Асығу керек,

Ешкімнің күтпей жарлығын,

Асығу керек,

Қалдырмай кешке ертеңгі істің қалдығын.

Оқушы:

Шынайы талант қашанда қын түбінде жатпайтын алмас кездіктей жарқ етері сөзсіз. Осындай ерен талант иесі Мұқағали «Өмір-өзен», «Өмір-дастан» атты таңдамалы өлеңдер жинағын көре алмады. Мұқағали ақын артына өлмес мұра қалдырған азамат.

Оқушы:

Отан !

Отан!

Сен болмасаң, не етер ем?

Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,

Өмірден бұл өксумен кетер ем...

Оқушы:

Туған елім.

Көлің қайда, туған елім?

Шабақ болам титтей.

Белің қайда, туған елім?

Ойнақтайын киіктей.

Оқушы:

Мұқағали Мақатаев шығармашалығындағы соғыс тақырыбына жазылған өлеңдер орны ерекше.

1-ші Қазақ әйелінің соғыс кезіндегі тұлғасы.

2-ші Әке сағынышы.

3-ші Болашаққа үндеу.

Оқушы:

Қазақ әйелінің соғыс кезіндегі тұлғасына жазған өлеңдері:

«Қайран жандар», «Абысындар», «Сәби-ана», «Неге жыламасын», «Бесік жыры».

Оқушы:

Бесік жыры.

Оқушы:

Әке сағынышы. Оған себеп Мұқағали Мақатаев әкесі 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанып, одан қайтпаған.

Өзінің әкесіне деген сағынышын, аңсаған автор «Әке аманаты», «Қоштасу», «Көзің нұрсыз дейсін сен» шығармаларындағы өлең жолдарымен білдірген.

Оқушы:

Тыңда, балам, тыңда, күнім

Болуға жара қолқанат.

Кәрі анаң, сәби інің,

Барлығы саған аманат – деп әкесінің бала болса да ұлын сеніп, анасы мен інісін аманат етіп соғысқа аттануы.

Оқушы:

Мұқағали Мақатаев жастық шағы соғыс жылдарына сәйкес келді. Соғысқа аттанған әкелеріне, ағаларына, балаларына деген сағыныш пен қара жұмыста оңай тиген жоқ. Бірақ соған карамастан Мұқағали Мақатаев өз созімен «Бәрімізді бір-бір батыр жасапты» демекші қиындыққа мойымай азамат болып ер жетті.

Оқушы:

Сол жылдарға қарғыс айту жат маған

Сондағы мен ерлігіме мақтанам.

Балғын ұрпақ, сенің болашағыңды

Біле білсең мына біздер сақтаған!

Оқушы:

Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір поэзия.

Ақынның «Армысың адамдар», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Өмір дастан», «Атамекен», «Райымбек» поэзиялары бар.

Оқушы:

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырған, аяғына көп шалдырған.

Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына із қалдырған.

Мұқағали мұрасы мәңгілік. Ол азаймайды, сарқылмайды, тозбайды, ұмытылмайды.

Ән: «Саржайлау».

Автор:
Зауре КОСАНОВА МДШО Жаңаталап орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Жаңаталап ауылы Каратал ауданы