Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНА БҚО-ДАН 100-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚҰЖАТ ТАПСЫРДЫ


14 декабря 2012, 23:49 | 1 590 просмотров



Облыс әкімінің орынбасары Алтай Көлгіновтің айтуынша, солардың елуі - жұмыс жасап жүрген мамандар. «Осы мамандар болашақта біздің облыстың кадрлық әлеуетін арттырады деп сенемін. Өткен жұма күні М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Нұрбек Саясаттың қатысуымен осы мәселеге арналған кеңес өтіп, оған облыстағы жоғары оқу орындарының студенттерін, оқытушыларын, ірі өндіріс орындарының жетекшілерін жинадық. Мұндағы мақсатымыз - президенттік «Болашақ» бағдарламасының бағыттарын, жасалып жатқан жұмыстардың жай-жапсарын түсіндіру. Жастарды ғылымға ынталандыру, инженерлерді кә¬сіптік тағылымдамадан өтуге жіберу мәселелерін талқылау. Себебі индустриялық-инновациялық бағдарламаға сәйкес біз мықты мамандар даярлауымыз керек. Биыл «Болашақ» бағдарламасына көптеген өз¬герістер енгізілді. Мысалы, бұрын тек жастарды оқуға жіберетін болса, енді жұмыс жасап жүрген мамандардың білім-білігін көтеру үшін шетелдің ең озық оқу, өндіріс орындарына жіберуге жол ашылып отыр», - деді Алтай Сейдірұлы.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ