Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

« МЕНІҢ КӨҢІЛ-КҮЙІМ»


21 декабря 2012, 15:24 | 3 196 просмотров



Мақсаты: Өз болмысын және басқа адамдарды тану қабілетін дамыту. Дұрыс қарым-қатынас жасай алуды үйрету. Эмоциялық мазасыздық пен күйзелістерден арылу.

Қажетті құралдар: магнитафон, А4 қағаз беттері , доп.

Жүргізілетін сыныптар: 3-4- сынып

Жүргізілуі:

- Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендерді аман-есен осындай жарқын жүзді, әдемі қалыптарыңда көргеніме қуаныштымын.

Сабақты бастаймыз.

- Бәріміз ортаға шығып шаттық шеңберін құрайық. /оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады/

Сұраққа жауап алу.

Қандай сезімдер көңіл күйге жағымда әсер етеді?

Үйде ата-анаң еркелетіп сендерді қалай атаушы еді?

Жаттығулар:

1) Күлу.

а/Қатар отырған балалар бір-біріне қарап , шын көңілдеріңізбен жадырап күлу.

б/ Алақанымызды ысқылайық/1-2-мин./(Дәмді тамақ ішкенде , өте сәтті күннен кейінгі әдемі көңіл күйді есіңе түсір)

2) Шам сөндіру. Терең дем алып, енді барынша шам сөндіргендей үрлеп демімізді шығарамыз. /5-6 рет/

3) Көңіл-күй аукционы .

Менде бір керемет сиқырлы сандықша бар. Оның ішінде бір көңіл-күй бар. Соны кім тапса сол алады. Оқушылар : қуаныш, таң қалу, ашу, ыза , аяныш т.с.с. айта бастайды. Ең соңғы « эмоцияны » тапқан оқушы алады. /3-4 минут/

4) Сиқырлы дүкен.

Қандай көңіл- күй алғың келсе соны аласың. Допты сатып алушыға беремін, ол көңіл-күймен кері қайтарады.Көңіл-күй бет-бейне ,қимыл қозғалыс, дауыс ырғағымен көрсетілуі тиіс./4-5 минут/

5) Көңіл-күйді тап.

6) Мен сөз айтамын, сендер қандай көңіл –күйді білдіретінін айтасыңдар. Мысалы: « алақай»-қуанышты білдіреді. «ой-бой»- өкініш, қайғыны білдіреді. т.с.с.

7) Сахналау. / адамның көңіл күйі, түрлі сезімдері іс жүзінде қалай көрініс беретіндігін ,оның өзге адамдарға қалай әсер ететінін көрсету/

-Сыйлаған гүл шоғын қабылдау кезіндегі қуаныш;

-Достарыңмен қоштасу кезіндегі мұң.

-Жақын адамыңмен кездесу кезіндегі шаттық;

-Өз досыңның жеңісіне мақтаныш;

-Өзіңнің жіберіп алған қателігіңе реніш

/ осы сәттерді сахналау/

8) Рефлексия.

Сабақта не ұнады, өмірде пайдалануға бола ма?

Автор:
Нұрғиса АХМЕТОВА, Тарас орталау мектебінің Педагог-психологы. Ақсу ауданы.