Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЕЛІН СҮЙГЕН, ЕЛІ СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ


21 декабря 2012, 15:46 | 1 830 просмотров



Осыдан тура 21- жыл бұрын өз тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасы осы жылдар аралығында кейбір елдер бір ғасырға жуық өтетін даму жолынан өтіп, дүниежүзін мойындата білді.

Тарихқа көз жүгіртсек, Кеңестер Одағы кезінде Қазақстан қағаз жүзінде дербес республика болғанымен, іс жүзінде Одаққа кірген басқа он бес республикалар сияқты орталықтың боданы болып қала берді.Республика ретінде өзінің нақты дербес ішкі және сыртқы саясаты болған жоқ.

Қазақстанға тың игеруді желеу етіп орыстандыру саясатымен басқа республикалардан орыс және басқа да ұлт өкілдерін көптеп әкеліп қоныстандырды.Қазақ мектептері жаппай жабылып,балалар мектептерде тек қана орыс тілінде оқитын болды.Нәтижесінде қазақтар жартылай өз тілінде сөйлей алмайтын халге жетті, қазаққа ұлт ретінде құрып кету қаупі тұрды.

Жиырмасыншы ғасырдың 90-шы жылдары Кеңес Одағы тарихтағы басқа да империялар сияқты өзінің тиімсіздігін толықтай дәлелдеп, өз тарихында бар жеткен жетістіктерінен айырылып, үлкен дағдарысқа ұшырап, ыдырап, құрудың алдында тұрды.

Осындай ел басына туған сын сағатта, халқының ақпейіл ниетіне қарай туған біртуар ұлы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұйықтан шығар жолды дұрыс таба біліп, Қазақстан Республикасының егемендігінің негізін қалады, елімізді дамудың даңғыл жолына сала білді.Оған дәлел- еліміздің егемендік алған уақыттан бастап жүріп өткен жолы.Осы 21 жыл Нұрсұлтан Назарбаевтың тарих сахнасында көреген үлкен саясаткер,елін елдікке бастаған тарихи тұлға екендігін толықтай дәлелдеп берді.

1 желтоқсан биылғы жылдан бастап еліміз үшін бүкіл халықтық мереке- тұңғыш Президентіміз күні болып айқындалды.Бұл өте құптарлық шара.

Осы мемлекеттік мереке- тұңғыш - Елбасы күні құтты болсын,- дей отырып, жер-жерде Тұңғыш Президент күніне үлкен ісшаралар өтуде.

Жақында №13 орта мектебінің оқушылары, ұстаздарымен мен қалалық ардагерлер ұйымының мүшелерімен бірлесе отырып, «Кемеңгер көшбасшысымен татулық кемесінде»атты кездесу кешін өткізді.Кезесу кешіне оқушылар үлкен дайындықпен келгендігін бірден аңғартты.Кездесу барысында мектебіміздің білімді оқушылары Президентіміздің өмірбаяны, ұстанған бағыты мен саясаты,еліне жасаған ерен еңбегіне тоқталып өтті.Енді бір сәт оқушылар,өз өнерлерін ортаға салып, Елбасына арнаған жүрекжарды жырларын оқып,көпшіліктің көңілін тебірентті. Мектепте өткен мектепішілік іс шара көпшіліктің көңілінен шықты.

Автор:
Ғалия УАЛИЕВА , № 13 орта мектептің мұғалімі. Талдықорған қаласы