Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

АҚЖАР КЕНТІНДЕ 160 ОРЫНҒА АРНАЛҒАН БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ


21 декабря 2012, 15:51 | 1 643 просмотра


160 орынға арналған мектепке дейінгі балалар мекемесін Қашаған кен орнын игеруге қатысып отырған «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» (НКОК) және «НК Продакшн Оперейшнс Компани Б.В.» (НКПОК) компаниялары бірігіп салды.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бағдарламасы аясында консорциум Атырау және Маңғыстау облыстарында үш балабақша салды. Алайда, аймақтардағы әлеуметтік жобаларға үлкен сұранысты есепке ала отырып, НКОК пен НКПОК Атырау облысында қосымша 6 жобаны іске асыруда. Маңғыстау облысында бағдарлама аясында алты балабақша салынады.

Балабақшаларды салудан басқа консорциум оларды абаттандыруға көмектесіп, асханалық жабдықтар, ойын алаңдарын орнатып, ойыншықтар сатып алуда.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ