Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖАҢА ЖЫЛ!


28 декабря 2012, 15:57 | 1 557 просмотров


Қандай сұлу далада әппақ әлем,

Безендіріп қойғандай мақтаменен.

Жаңа жылмен құттықтап баршаңызға,

Жаңа жылмен жолдайын мақпал әуен.

Әйнектерді өрнектеп Аяз қартың,

Қолтаңбасын көркемдеп қояр жарқын.

Ақсақалмен жарасқан Ақшақарға,

Құрметпенен құшағын жаяр халқым.

Қар жауған күн аспанның нұры тамған,

Жаңа жылым келіпті күліп алдан.

Әппақ қардай ақ тілек орындалып,

Ақталса екен осы жыл үміт-арман.

Шырша маңы салтанат құрған мұнда,

Үлкен –кіші елітті думан жырға.

Дәл осылай ту етіп бірлігіңді,

Есен-аман жет халқым, жылдан-жылға!

Автор:
Жангелді НЕМЕРЕБАЕВ