Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

«Алтын күздің жемістері »


28 декабря 2012, 16:08 | 2 601 просмотр


Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға күзгі табиғаттағы ерекшеліктері туралы түсінік беру.

Оқушылардың күз байлықтары: астық,көкөніс,жеміс-жидектер туралы білімдерін кеңейту.

Алтын күздің адамға берер пайдасын түсіндіружәне табиғатты сүйюге тәрбиелеу.

Тәрбие сағаттың көрнекіліктері: Күз туралы суреттер мен даналық сөздер, күзгі ағаш, күз көкөністері, жеміс-жидектері, жапырақтар және музыкалық аспаптар.

1. Кіріспе сөз:

Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің ерекшелігі мен есте қалатыны қазан айы. Айнала сары түске боялып, сары алтындай жалтырап көздің жауын алары сөзсіз.

Міне,сары алтындай күзіміздің қуанышты бір күні.Күз айы ерекше берекелі,мерекелі ай.Әрбір үйдің дастарханын дәмге,еліміздің қоймасын дәнге толтыратын Алтын да,жомарт күзімізді жеміс-жидектерімен ортамызға шақырайық.

Аружан- Қараңдаршы, бүгін біздің сыныбымыз қандай әдемі болып кеткен.

(Сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы)

- Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу?

(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханзадасы келеді)

Күз ханзадасы: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Әлішер:

Уа, халайық, дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін

Ханзадасы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен – Күз ханзадасымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.

КӨКӨНІСТЕР (хормен):

Жиналып қаппыз бәріміз,

Қайсымыз ең дәмдіміз?

Ішімізден адамға

Тиеді көп пайдамыз?

(Қызылша)

Мен де бір сөз айтайын

Мақтанайын сіздерге.

Менсіз борщ болмайды

Винегрет те үстелде.

Ақ түсім бар қант алар,

Қызыл түсім бар қанға - нәр.

Зияным жоқ біліп қой -

Қызылшамын, пайдам бар.

(Сәбіз)

Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды,

Қоянға да азықпыз –

Сәбіздерміз жазықсыз

Кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген?

Мені жеген адамдар

Кем болмайды күшке де!

Көкөністердің пайдалы кеңестері:

Амир:.Қауын құрамында қант көп.Ол бүйрек,асқазан ауруларына ем.Беттегі безеуді,секпілдерді кетіруге көмектеседі.Ет қайнап жатқанда қауынның қабығын салса жұмсақ болады .

Санжар:.Пияз тамаққа ерекше дәм береді.Жұқпалы аурулардың микробын өлтіреді.Сарымсақ пен жуа өкпеге салқын тигенде,жөтелгенде емге қолданылады.

Анель:.Аскөк өт жолын,бүйректі тазалайды.Ағзадағы зат алмасуға көмектеседі.

Арнат:Қарбыз құрамында Ғе көп.Қан көбейтеді. Бүйрек,бауырдың жұмысына көмектеседі.Дәндерінен май алынады.Ішек құртын емдеп,қан тоқтатады.

2-Жапырақ тапсырмасы ( Жұмбақтар)

1)Жерге қазық қақтым,

Басына айдар тақтым. (Сәбіз)

2)Жеп көріп ем өзін мен,

Жас шығарды көзімнен. (Жуа)

3)Бүрі,бүрі,бүрі бар,

Күн келбетті түрі бар. (Күнбағыс)

4)Піспеген де сырты қара,өзі қатты,

Ал,піскенде ерекше дәмі тәтті.(Картоп)

Аружан

Алтын күз бұларды ортаға неге шығардыңыз?

Әлішер: :Олар айтысқа шығады.

К ө р і н і с

Бағбан:(Тырма мен жер жыртып жүреді)

3 жапырақтың тапсырмасы

Аспай піскен, қайнамай түскен.Бұл не ? (Жеміс)

Онда ортаға жеміс-жидектерді шақырайық

Жемістердің пайдалы кеңестері:

Айкерім:.Құлпынай(Суретін көрсетіп)көздің көргіштігін жақсартады.Кітапты көп оқыса көз талады.Сондықтан құлпынай жеген адамның көру қабілеті жоғарлайды.

Аружан:.Өрікті Шығыстың ұлы дәрігері Әбу Әли Ибн Сина оның құрамында иод көп болғандықтан қан қысымы,жемсау ауруларын емдеуге қайнатпасын пайдаланған.

Дархан:.Бананның С,В,В,В,РР дәрумендері көп. Тістің түбін бекітеді.Сүйектің қисаюына мүмкіндік бермейді.

Мұғалім: Күзге рахмет айтып,қонақтарға пайдалы кеңестер үлестіреді.

Автор:
М.С. КАРИНБАЕВА №14 орта мектеп гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Талдықорған қаласы