Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Рухани тәрбие - адамгершілік бастауы


28 января 2010, 23:31 | 3 323 просмотра


Балаларға білім беру, адам- гершіліктің ең құнды қасиеттерін тәрбиешілерден, әрине ата-аналардан шығармашылық шеберлікті талап етеді.

Естімейтін және нашар еститін балаларды тәрбиелеп, оқудың мақсаты – балалардың рухани-адамгершілік туралы түсініктерін қалыптастыру, өз іс-әрекеттерін бағалау. Бала өсе келе жақсы мен жаманды айыра біледі. Балаларды дұрыс тәрбиелеп оқытсақ та, өздерінің талап-тілектеріне қарамай, олар үлкендердің бұрыс іс-әрекетеіне ескерту жасай алады. Ал, біздер, үлкендер ол ескертулерге өз тәрбиеміз бен біліміздің деңгейінде жауап беруіміз керек. Егер де білімді және жоғары мәдениетті баланы көргіміз келсе, өзіміз соған лайық болуымыз керек.

Адамды жақсы көру, мейірімділік, білімділік, өзін-өзі тану баланы тек жағымды қасиеттерге үйретеді. Рухани-адамгершілік тәрбиесін оқу бағдарламасына енгізу, балалар, тәрбиешілер, ата-аналар үшін ерекше маңызды.

Естімейтін және нашар еститін балаларды оқыту мен тәрбиелеуде олардың қабылдауына қолайлы, қарапайым тәртіп ереже лері арқылы қалыпты әдептерді меңгерту, іс-әрекетіне адамгершілік тұрғыда баға беруді үйретуді басшылыққа алу қажет.

Арада қаншама ғасырлар өтсе де, ұлы бабаларымыз бен ақылды әжелеріміздің даналығы, имандылықты, адамгершілікті ардақтау тағылымы көнерген жоқ.

Қазіргі кезде оқушыларда үлкенге құрметпен қарауы төмен. Егер оқушыларды адамгершілікке үйреткіміз келсе, оларды қайырымдылық шараларына жиі қатыстырып тұруымыз керек. Нашар еститін балалар арасында көңіл-күйдің құбылмалығы, тез әсерленушілік, шапшаң қимыл-қозғалыс негізінде туындайтын жағымсыз қылықтар, бір шешімге келе алмаушылық сияқты келеңсіз көріністер жиі байқалады. Жолдастық қарым-қатынас әдептерін адамгершілік тәрбиесі сабақтарында «Достық туралы», «Туыстық қарым-қатынас», «Өзін-өзі тану» тақырыптары бойынша мейлінше оңды шеуге болады. Мысалы: «Достық туралы» тақырып өткен соң, оқушыларға анкета рақылы әр түрлі сұрақтар қоюға болады. Анкета арқылы оқушылардың бір-бірімен қандай қарым-қатынаста екенін білуге болады. Коррекциялық әр түрлі жұмыстар жүргізіледі. Экран арқылы сөздер беріледі, содан кейін есту арқылы, аппаратсыз беріледі. Мысалы: адал дос, мейірімді, сенімді адам, «Жақсы жаныңа – жолдас, жаман малына – жолдас». Корррекциялық жұмыстарды ойын ретінде, тақырыпты өткеннен кейін өткізуге болады. Ойында баланың ойлау ерекшеліктері, қиял-эмоциясы, белсенділігі, қарым-қатынасы, есту, сөйлеу қабілеттері дамиды.

Тәрбие негізі мектеп қабырғасынан басталып, жүйелі түрде дамуы тиіс. Ата-ана, мұғалімдер мен тәрбиешілер осы үрдісті дұрыс жолға қойып, ұйымдастырса, нәтижесінде елімізге тірек болар азаматтар өсіп шығады. Сондықтан, нашар еститін және естімейтін балалардың ой-өрісін, таным-білімін қалыптастырып қана қоймай, табиғатынан берілген жақсы адамгершілік қасиеттерді сақтап қалып, одан әрі дамытуға тырысайық.

Автор:
Г.Б.Сейдекрамова, Облыстық нашар еститін және естімейтін балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиешісі