Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ШУЛЫ СОТ ІСТЕРІ- 2012


28 декабря 2012, 16:35 | 1 773 просмотра



Биылғы жыл әлем жұртшылығына шулы сот істерімен есте қалатыны сөзссіз. Халықаралық БАҚ назарында атақты тұлғалар қатысы бар сот істері болды. Саясаткерлер, белгілі финансистер, спортшылар, ресейлік қыздар және Челах ісі. Міне осындай шулы сот істеріне тоқтала кетейік.

Жыл бойы әлемдік қауымдастық назарында Халықаралық Валюта қорының бұрыңғы директоры Доминик Стросс-Канның ісі болды. Қаржыгер Нью-Йорк қонақ үйінің бірінде қызметші әйелді зорлау мәселесі бойынша сот ісі қаралған еді. Әзірше, қонақ үй қызметшісі және Стросс-Канн ымыраға келгені белгілі. Бірақ толық мәліметтер әлі жоқ.

Әлем халықтары ерекше назар салған тағы бір шулы сот ісі Ресейде болды. Ақпан айында Ресейде бүкіл әлемдік БАҚ сөз қылған «шоу» орын алды. PussyRiot тобының мүшелері Христос Спаситель храмында «Богородица, Путинді қуып жібер» деген мазмұндағы панк-құлшылық өткізген. Осы акциядан соң топтың үш мүшесі тұтқындалып, сот үкімімен 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал мына бір тұтқын сот шешімін 1 жыл күтті. Осло соты «Норвеж атқышы» Андрес Брейвикті 21 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. 2011 жыл 22 шілдеде Брейвик Норвегия астанасындағы Үкімет ғимаратының маңын жарып, нәтижесінде 8 адам қаза тапты. Содан кейін Утейя аралындағы жастар лагерінде оқ жаудырып, 69 адамды мерт қылды. Брейвик өзін тамплиерлер орденінің рыцары санайды, ал сотта өз ісі арқылы Европаның «исламдану проблемасына» үкімет және қоғамның көңілін аудартқысы келгенін айтты. Ал Мысырдың бұрыңғы президенті Хосни Мубаракты сот өмір бойы бас бостандығынан айырды. Соттың бұл үкіміне Каирде, Александрияда және Суэцте бұқаралықның наразылық танытқандар болды.

Автор:
Бетті дайындаған: Мәдина ОМАРҚҰЛОВА