Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ТЕХНОГЕНДІ АПАТТАР


28 декабря 2012, 16:37 | 2 584 просмотра


2012 жыл круиздік лайнердің қирауынан басталды. 13 қаңтар күні «CostaConcordia» Лайнері Италия жағалауында суға батты. Лайнер ішінде 4234 адам болған, оның 30 мерт болды. Апат болар алдында «CostaConcordia» экипажына үздік деген баға берілген еді.

Ақпан айында да осыған ұқсас жағдай болды. Папуа-Жаңа Гвинея жағалауында да 350 жолаушысы болған MV RabaulQueen кемесі суға батты. 238 жолаушы құткарылып, 100-ге жуығы із-түссіз жоғалғандар тізімінде.

Ал наурыз айында Швейцария Альпісіне барар жолда туристтік автобус жол апатына ұшырады. Нәтижесінде 28 адам қаза болды, оның 22-і балалар еді. Балалар 6 ересек адаммен шаңғы курортынан Бельгияға оралып келе жатқан еді. Бұл жол апатына ел тарихындағы ең алапат апат деп баға берілді.

Мамыр айында Индонезияда сынама ұшу кезінде Sukhoi Superjet-100 ұшағы қирады. Ұшақ тау шатқалына соғылып, ішінде отырған 45 адам қаза болды. Тағы бір ірі апат Оңтүстік-Шығыс Азияда Бангладеш астанасының маңында орын алды. Қараша айының аяғында тігін фабрикасын өрт шалып, 121 адам қаза тапты.

Қазақстанда 2012 жылы өте көп жол көлік апаттары тіркеліп, бір жыл ішінде 2400 адам қаза болған екен. Ал елімідің Оңтүстік аймағында бірнеше базар өртенді. Тамыз айында Шымкент қаласындағы «Бекжан» орталық базарын өрт шалса, қарашада «Жанұя» базарында электрлендірілген құрал-саймандарды сақтайтын және сататын екі сауда орны отқа оранды. Ол аз десеңіз 19 желтоқсан күні Шымкентте тағы да базар тілсіз жауға ілікті. «Алаш» базарының өртенгені жайлы суыт хабар түнгі үште келіп түседі. Сол сәтте оқиға орнына өрт сөндірушілердің 9 техникасы мен 115 қызметкері жұмылдырылды. Сөйтіп, таң қылаң бере яғни таңғы 7-лер шамасында тілсіз жау толығымен ауыздықталды. Негізінен өрт пиротехникалық заттар сақталатын қоймадан тұтанған. Сонымен қатар жаз кезінде Түркістан қаласында да бір базарды өрт шалды, бұндай оқиға Қызылорда , Жаңақорғанда да тіркелген еді.

Автор:
Бетті дайындаған: Мәдина ОМАРҚҰЛОВА