Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Бергені мол, алғаны алғыс!..


28 января 2010, 23:34 | 2 070 просмотров



Талдықорған қаласындағы №2 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сағымбекова Әнипа Қосылқанқызы. Жоғары білімді әдебиетші, туған елінің салт- дәстүрін, өз ана тілін шебер меңгерген Әнипа Қосылқанқызы қай уақытта болсын, қандай шара өткізбесін мектеп, оқушы туралы сөз қозғаса, өзінің жан- жақты маман екендігін, көркем сөзді көсілтер, тыңдаушысын тебірентер шебер екендігін танытып келеді. Әсіресе, өз туған жері Ақсу ауданын, табиғатының таңғажайып өлкесі – Жетісуін мақтан етеді.

Алған білімін кейінгі буын – жас ұрпақ санасына сіңіруді мақсат тұтқан ұстаз,еңбек жолының алғаш-

қы жылдарын ауылда бастаған. Ол Ақсу ауданының Кеңжыра орта мектебі еді. Мұғалім болғаныма мақтанамын, «Мұғалімнің тілі бал, жүрегі таза, еңбегі адал» - дейді, ұстаз.Шындығында солай. Қандай азамат болса да мұғалімнен дәріс алады. Баланың қиялына қанат бітіретін, ойын өрістететін, шабытын шарықтататын, аңсаған арманын жақындататын жанның бірі осы - мұғалім.

Кей адам күнделікті жұмыс барысында туған ой пікірлерін, істеген іс қимылдарының қиын да қилы, дәнді де нәрлі жерлерін жазып жүреді.

Әнипа Қосылханқызының бойында осы қасиет байқалады. Студент кезінен естелік жазып, альбом жинақтаған. Олардың іші өткен өмір жолының сыры мен жырына толы. Осындай күнделіктерінен Әнипа Қосылханқызының қай бағыттта еңбек жасағанын, оның нәтижелерін байқауға болады.

Облыстық газет пен Республика басылымдарында жарық көрген ауқымды мақалалары сол еңбектерінің айғағы.

«Озаттардың ісін ортаға салып, жас мамандарға жанды көмек көрсету, оқытудың жаңа технологиясын іс тәжірибеге енгізу, білім сапасын көтеру – біздің тікелей міндетіміз»- дейді, Әнипа Қосылха нқызы.

Расында да, бұл бағыттағы ұстаздың атқарып жатқан ісі ұлан-

ғайыр. Ұстаздарға ұстаздық еткен мұғалім ғана ұлағатты бола алады. Ал ұлағаттылық ұлылықты, даналықты, біліктілікті, шеберлікті қажет етеді. Бұл бағытта Әнипа Қосылханқызының шыққан белесі биік екені даусыз. Әнипа Қосылханқызы өткізген сабақ қызықты да, тартымды болады. Мәселен, биылғы оқу жылындағы « Ыбырай Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы» атты ашық сабағы ұстаздар қауымына арналған оқыту әрі ойланту сабағы болды.

Бүгінгі мақалаға арқау еткен Әнипа Қосылханқызының жаңа тол-

қын жас буындарды тәрбиелеу жолындағы ұстаздық қызметіне – 34 жыл болыпты.

Еңбегі көптің - өнбегі көп, бергені көп. Ал бергені көптің алары аз болмайды.Әнипа Қосылханқызының алғаны да, алары да алдынан дәріс алған шәкірттерінің айта жүрер алғысы әріптестерінің сыйлап берер сәлемі, туған- туыстарының қастерлей көрсетер құрметі.

Автор:
Сәулет Марта, №2 орта мектеп, Талдықорған қаласы