Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЭКОНОМИКА-2012


28 декабря 2012, 16:39 | 1 691 просмотр



Тарих қалай жасалады? Бүгінгі күн – ертең тарих. 2012 жылдың басы әлемдік экономикада ЕЭК-тің құрылуымен есте қалды. Еуразиялық Экономикалық Кеңістік –Кеден Одағы мемлекеттерінің(Қазақстан, Ресей, Белорусия) интеграциялық бірігуі. ЕЭК өз жұмысын 2012 жылдың 1-қаңтарынан бастады. ЕЭК мүше мемлекеттердің ендігі қадамы Еуразиялық Одақты құру болмақ. Ресей ДСҰ-на кірді. Ендігі кезек Қазақстанда.

Ал басқа экономикалық бірлестік Евро Одақ үшін 2012 жыл жақсы болды деу қиын. ЕО-қа мүше мемлекеттер экономикалық хал-ахуалы мәз емес. Грекия банкрот болуға жақын, ал Испанияда әлеуметтік төлемдерді қысқарту шешіміне қарсы халық наразылығы өршіді, елдегі жұмыссыздық өсті. Сонымен 2012 жыл ЕО үшін сәтсіз, биылғы жыл Еуро аймақ бюджетте 3 миллиард евро көлеміндегі қаржылық «тесікпен» аяқталуда.

Әлемдік аренадағы алпауыттардың бірі Қытай 2012 жылды қорытындылай келе болашағын бағыттауға кірісті. Қытай Коммунисттік партиясының бүкілқытайлық 18-съезінде ЖІӨ-ді ұлғайту жоспары жасалды. Кейбір сарапшылардың жоспарынша жақын жылдары қытай экономикасының даму кезеңі басталады.

2018 жылы Қытай елінің ЖІӨ дәрежесі АҚШ-тың көрсеткіштерімен бірдей болады деп күтілсе, 20-жылдардан кейін Қытай экономикасы ЖІӨ көлемі бойынша АҚШ-тан да ілгері тұрады деп болжануда.

Автор:
Бетті дайындаған: Мәдина ОМАРҚҰЛОВА