Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ФЕСТИВАЛЬ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ


28 декабря 2012, 16:44 | 2 140 просмотров



Павлодарлық мектептер, балабақша және «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының сегіз жобасы VII республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінде жүлделі орындарға ие болды,- деп хабарлады білім басқармасынан. Алматыдағы фестивальге Қазақстанның дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім ұйымдарының, мектепалды, орта және қосымша білім ұйымдарының 200-ден астам педагогы қатысты. Павлодар облысынан келген қатысушылар 27 жобаны ұсынды. «Пән мұғалімдері» аталымында бірінші орын Ақсу қаласындағы лицейдің педагогы Майгүл Сламбековаға, екінші орындар - Екібастұз қаласындағы № 7 мектеп-гимназиясының мұғалімі Марал Егінбаева мен № 1 лицейдің мұғалімі Анжелика Заблоцкаяға берілді. Павлодарлықтар сондай-ақ, «Жаңашыл педагогтар», «Білім берудегі менеджмент жүйесі», «Мектепалды білім» аталымдарында екінші және үшінші орындарды еншіледі. Олар ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен марапатталды.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ