28 декабря 2012, 16:45 | 1 839 просмотров
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен Шетелде мамандар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы ҚР Президентнің баспасөз қызметі хабарлады. - «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында біздің Президентіміз қазіргі әлемде жалпы сауаттылық енді жеткілікті бола қоймайтынын айқын білдірді. Дамыған бәсекеге қабілетті мемлекетке айналу үшін, біз жоғары білімді ұлт болуымыз керек. Жастарға ерекше үміт артылады. Мемлекет басшысы жаңа бағыттың қозғалтқышы болатын жас қазақстандықтарға сенім артатынын мәлімдеді. Жастардың өсуі және жан-жақты оқуы үшін қажетті жағдай жасау - Президенттің әрдайым басты назарында. Елбасы әлемдік деңгейдегі университетті, зияткерлік мектептерді ашты, «Болашақ» бағдарламасын жүзеге асырды, - деп атап өтті өз сөзінде Мемлекеттік хатшы.
Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов 2012 жылға арналған «Болашақ» халықаралық бағдарламасын іске асырылуы жөніндегі жұмыстың қорытындысы туралы хабардар етті.