Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЕҢ ЖОҒАРҒЫ ҚАБІЛЕТТІЛІК – ТАЛАНТТЫЛЫҚ


11 января 2013, 01:00 | 4 085 просмотров


Ғылым мен техника дамып, адамзат қоғамы жаңа ғасырдың табалдырығынан қадам басып отырған кезеңде оқушыларға белгілі көлемде білім, білік, дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан- жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Баланың белгілі бір іс- әрекетке бейімділігі жас кезінен-ақ белгілі болады. Бейімділік, қабілет – дегеніміз – бұл адамның белгілі бір іс - әрекетпен айналысуға бетбұрысы, оған көңілінің аууы, яғни оянып келе жатқан қабілетінің алғашқы белгісі. Сондықтан бала кезде байқалған бейімділіктердің келешекте олардың қабілеттерінің көрсеткіштері екнін ұмытпай, дер кезінде көре білу, дамыту әрбір ұстаздың міндеті. Ең жоғарғы қабілеттілік – таланттылық . Талант дегеніміз не? Бұл сөздің түп төркіні гоек, латын тілдерінде өлшемнің ең жоғарғы белгісі делініпті. Асылдан да, алтыннанда артық тұратын өлшем. Тарихта әр салада жаңалықтар ашып, кереметістер жасаған дарынды адамдарды қабілеттері үшін аса жоғары бағалаған.

Қабілетті, дарынды балалар көбінесе шапшаң, тез ойлайтын, көп көлемде білім меңгеретін, оны ұзақ уақыт ұмытпайтын болып келеді. Олардың түсінігі өте жоғары, сезімтал, ойға алған нәрсесін, алдына қойған мақсатын қалайда орындауға тырысатын, адамгершілік сезімі ерте дамып, моральдық қасиеттерге өте бай, қиял- күші басым болады.

Дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгешеліктері:

- айналасындағыларға өте сезімталдықпен қарау,

- айтылатын ойды тез ұғыну;

- жасынан байқалатын идеализм;

- терең сезімталдық;

- кейбір пәндер бойынша өте ерекше үздік үлгерім таныту;

- ықылас қойған бір тақырыпты әр жерде негізгі мәселе етіп қою.

Қабілетті және дарынды оқушыларды ерте айқындау, оларды тәрбиелеу білім беру жүйесін жетілдірудегі негізгі міндет болып табылатынына бүгінгі таңда ешкім шүбә келтірмейді.

Әйтсе де дарынды және қабілетті жастармен жұмыс істеудің өзінше қиындығы, шешілмей келе жатқан келелі мәселелері бар екендігін айтып өту керек.

1. Жалпы білім беретін мектептердің көпшілігінде психолог маман дарынды балаларды дамыту, олардың ерекшеліктерін зерттеу, диагностикасын жүргізу жолдарына өз деңгейінде назар аудармайды.

2. Қазақ мектептерінде оқушының шығармашылық тұлғасын тәрбиелейтін арнайы әдебиет, оқулық, әдістемелік басылымдар өте аз.

3. Нарыққа байланысты қаржылай көмектің жоқтығы дарынды, қабілетті балаларды және өте жоғары шығармашылық мүмкіндігі бар оқушыларды зерттеуге, тәрбиелеуге,оқытуға кері әсерін тигізеді.

Оқушылардың білім деңгейі білім беру барысының нәтижесін айқындайды.Бірақ бұл жеткіліксіз.Өйткені,мұғалімнің тәрбиелік бағыты, оқыған материалдың қандай деңгейде оқушы тұлғасының меншігі болатыны,оның ойлау қабілетінің дамуына қолда бар оқу материалының не беретіні, тәрбиелік әсері арқылы ізгілік құнының жүйесі қалай қалыптасатыны белгісіз болып қалуда.Қоғамның технологиялық дамуы жағдайында мектеп ескіше жұмыс істей алмайды.

Адам ұрпағымен мың жасайды дейді халқымыз.Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес, миллиондаған жылдар жасап келеді.Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт- оқуда.

Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу.

Қабілетті және дарынды оқушылардың даму дәрежесі есеп шығаруда, ана тілі мен мәнерлеп оқуда анық байқалады. Кез келген тапсырманы орындау оқушыдан үлкен еңбекті, табандылықты, төзімділікті, сенімділікті талап етеді. Оқушыны шығармашылық іс- әрекетке бейімдейтін, ақыл – ойын дамытатын құрал – логикалық қызықты есептер, стандартқа сай практикалық есептер, ойын есептер, ребустар, жұмбақ, өлең шығару т.б.

Дарынды оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қызметке баулу, ізденушілік қасиеттерін жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы зор. Үйірме жұмыстары, КТК, ертеңгіліктер, дәстүрлі емес сабақ түрлерін жүргізуді ұйымдастыру.

Оқушы бойында ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық әдебиеттерден тереңінен білім беру.

Мақсаты:

Ана тілі мен қазақ тілін оқып үйренуде қабілетті балаларды филология ұғымдарының негіздеріне баулу.

Міндеті:

1. Мектеп бағдарламасын жан-жақты меңгерту.

2. Алған білімдерін ғылыми негіздеу

3. Ғылым негізі бойынша шығармашылық жұмысын дамыту

Ана тілі мен әдебиетіне баланы бастауыш сыныптан бастап-ақ тәрбиелеп, дамыту жұмысына ерекше көңіл бөлген жөн.

Дарынды балаларға қойылатын талаптар және оның орындалуын 3 басқышқа бөлген жөн.

1- басқыш 2-4 сынып аралығын қамтиды.

2- сынып оқушысына мынадай талаптар қойылады

1. Жазу көркемдігінің дұрыс болуы

2. Ойын жүйелі жеткізе білуі

3. Сурет бойынша әңгіме құрай алуы

4. 4-5 өлеңді жатқа айтуы

5. сөзге талдау жасауы

6. суретті альбом жасай білуі

3- сынып оқушысына қойылатын талаптар:

1. Жазу көркемдігінің толық қалыптасуы

2. Мәтінге жуық мазмұндап айтуы

3. Сөздің құрамын талдай білуі

4. Сөз топтарына қарай талдай білуі

5. Ойын жүйелі жеткізе білуі.

4-Сынып оқушыларына қойылатын талаптар:

1. Шағын әңгіме, шығарма жазу

2. 8-9 өлеңді жатқа айтуы

3. Ауыз әдебиеті үлгілерін(шешендік сөз, жұмбақ, мақал-мәтел) меңгере бастауы

4. Жарыстарға қатысуы

Дарынды балалардың қабілетінің арта түсу мақсатында сыныпта мынадай жұмыстар жүргізіледі:

1.Сыныптағы дарынды оқушылар туралы мәлімет алу

2. Қай пәндерден дарынды екенін анықтау

3. Дарынды балаларға түрлі зерттеулер жүргізіліп, соның нәтижесінде мінездеме жазу

4. Осыған байланысты дарынды балалармен істелінетін жұмыстың жоспары жасалынады.

5. Дарынды оқушылардың компьютерлік сауаттылығына көңіл бөлу, меңгерту.

Автор:
Сауле НУРАКЫНОВА А.С.Пушкин атындағы МДШО орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі Қаратал ауданы.