Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Талантты ұстаздан талапты шәкірт шығады


28 января 2010, 23:37 | 2 411 просмотров



«Жастар еліміздің келешегі, ал білімді жастар - мемлекетіміздің жарқын болашағы» деген Елбасы ұстанымын №51 С.И. Морозов атындағы мектеп - гимназияда жастарға сапалы, жоғары деңгейде білім беруде біршама игі істер жүзеге асырылуда. ХХІ - ғасырда ғылым алға дамып барады, сондықтан мұғалім үнемі ісзденісте болып жаңалықтан қалыспауы қажет. Ұстаз мақсаты - оқушылардың ақыл, ой қабілеттерінің деңгейін өсіру, сөйлеу мәдениетін дамыту, сауатты, білімді, отаншыл азаматты тәрбиелеп шығару. Ертең ол азамат өз халқының рухани байлығын өзгеге танытады.

Біздің мектептің ұжымында әр мұғалім өз жұмысында озат мұғалімдердің тәжірибесінен үлгі алып, зерттеп, педагогикалық жаңалықтарды тиімді пайдалануда. Жаңа технологиялар қазіргі білім беру заңының талаптарына сай оқыту үрдісінің негізгі міндеттерін шешуге, жеке тұлғаны шығармашылық тұрғыдан қалыптастыруға тартады. Әр ұстаз өз шәкірттерінің білімі неғұрлым жоғары болуын, салыстыру, талдау, қорытынды жасау және ойлау қабілетінің шығармашылық тұрғыда кең болғанын қалайды. Оқу процесін жоспарлағанда, біздің мектептің ұстаздары оқыту сапасын көтеру үшін күнделікті және жыл бойы қалай жұмыс істейтінін күні бұрын нақты жоспарлап қоюға тырысады. Осы бағытта біздің №51 мектеп - гимназияда белгілі істер нәтижелі атқарылуда. Мектеп бойынша бүгінгі күн талабына сай жаңа технологиялар тиімді пайдаланылып, эксперименттелуде, оқытудың негізі байытылуда, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі өсуде, сыныптан тыс және мектептен тыс бағдарламасы түрленіп, кеңейтілуде. Мектепте үзбей жұмыс істейтін әдістемелік кеңестің жұмысы - бүкіл педагогикалық ұжымының шығармашылық жұмысын бір арнаға жұмылдыруға, ұстаздардың педагогикалық шеберлігін арттыруға, білімдарлығы мен құзыреттілігін көтеруге, әдістемелік білімін жетілдіруге бағытталған. Мектепте жыл бойы «Озық тәжірибе мектебі» үйірмесі жұмыс істейді. Тәжірибелі ұстаздар: Медведева З.М., Тигай М.В., Шаяхметова Н.К., Қожабекова Қ.Қ, Митякина Л.И., Балина В.Б., үнемі жас ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетіп, шығармашылық жұмыстарына бағыт беріп отырады. «Озық тәжірибе мектебінің» құрамына жоғары санатты, білікті, шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздар кіреді. Бұл ұстаздар белгілі жоспар бойынша жұмыс жасап, оқу жылы бойынша ашық сабақтар, семинарлар, практикумдар, консультациялар өткізіп отырады. Мұнымен қатар, мектепте «Жас мұғалім мектебі» де жұмыс жасап келеді. Жетекші мұғалім Жұмабаева А.Б. мен жас мұғалім Дюсембінова Л.А. бірлесе белсенділікпен жұмыс істеп келеді.

Мектебімізде 1998 жылы құрылған оқушылардың «Ізденуші» ғылыми қоғамы қазіргі таңда өз жұмысын оқушылардың шығармашылық сезімдерін арттыруға, дүниетанымдарын кеңейтуге, білімдерін тереңдетуге бағыттаған. Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру мақсатында мектебімізде үнемі конкурстар, танымдық викториналар, КВН, брейн - рингтер өткізіліп тұрады. Аудандық ғылыми жобалар конкурсына мектебімізден 3 жоба ұсынылып, (жетекшілері Байгулакова Э.К., Тигай М.В., Пак Г.Н.) барлығы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде бір ғылыми жоба (Ким Е. -10 - сынып оқушысы, жетекшісі Пак Г.Н.) облыстық ғылыми жобалар бәйгесіне жіберіліп. Құрмет грамотасын иеленді. 11- сынып оқушысы Ким Анна экология бойынша республикалық олимпиадаға қатысып, ІІ - жүлделі орынды Семей қаласынан иеленіп қайтты. Ким Анна Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік педагогикалық институтқа оқуға шақырылып, оның жетекші мұғалімі Шаяхметова Н.К.- ға осындай шәкіртті баптағаны үшін Алғыс хат берілді.

Мектеп бойынша 47 оқушы аудандық пән олимпиадасына қатысып, 29 жүлделі орындарға ие болды. Ал, 4 оқушымыз облыстық пән олимпиадасына қатысып, 2 жүлделі орындарды жеңіп алды- Бейсембаева Юлия - неміс тілі пәнінен ІІ орын (жетекшісі Бұлдыбаева Ж.Қ.) Парышев Сергей- информатика пәнінен ІІІ орын (жетекшісі Мұқатаева Н.Д.), Шаяхметов Рим - грамотамен марапатталды, информатика пәнінен (жетекшісі Мұқатаева Н.Д.). 11 сынып оқушысы Ким Анна Грецияда өткен халықаралық олимпиадаға қатысып, күміс жүлдені иеленді. 10 - сынып оқушысы Ким Любовь Қазақстан корейлері Ассоциациясы ұйымдастыр-

ған 8- ші республикалық «Жас көшбасшы» конкурсына қатысып, ІІІ орынды жеңіп алды. Жыл сайын бастауыш сыныптары оқушылармен өткізілетін «Ақ бота» бәйгесіне қатысқан 13 оқушы жүлделі орынға ие болды, 1 оқушы халықаралық «Русский медвежонок» бәйгесінен ІІІ орынды иеленді (Гилева Екатерина -5 сынып, жетекшісі Оголева Н.И.). Сонымен қатар біздің мектептің оқушылары аудан бойынша өткен «Абай оқуларына» қатысып, Ким Юлия ән айту номинациясы бойынша ІІ орынды (жетекшісі Құрсабаев Қ.Қ.) , өз өлеңін оқу номинациясы бойынша Кабаева Севрар ІІІ орынды (жетекшісі Байғұлақова Э.Қ.) иеленді.

Бізідің мектептің ұстаздары да барлық аудандық байқауларға белсенді түрде қатысып келеді. Дюсембинова Л.А. аудандық «Жыл мұғалімі -2009» бәйгесіне белсенділікпен қатысып, ІІІ орынды жеңіп алды. Химия пәні бойынша өткізілген панорамалық сабақтар бәйгесінде Чукурова Д.Ғ. аудан бойынша І орын, облыста ІІІ орынды иеленді. Қазақ тілі пәні бойынша өткен облыстық байқауда Қырбасова А.Т. ІІІ орынды, аудандық «Үздік сынып жетекшісі 2009» байқауында Найзабекова Э.М. ІІІ орынды жеңіп алды.

Биылғы оқу жылы нәтижесінде 2 оқушымыз «Алтын белгі» Ким Анна, Шалипова Асель, бір оқушымыз Нұрқасымов Әлібек ерекші үлгідегі аттестат иелері болғаны ұстаздар еңбегінің жемісі деп білеміз. ҰБТ бойынша биылғы оқу жылының көрсеткіші - орташа балл 84,5. Бұл да біздің ұстаздарымыздың қиын да, қызық та жұмысының нәтижесі деп ойлаймыз.

«Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болар» - деген. Егеменді еліміздің ертеңі - талапты да талантты жас жеткіншектерді тәрбиелеп оқыту ұстаздың қолында.

Автор:
Б.Н. Телебаева, №51 С.И. Морозов атындағы мектеп – гимназиясы Қаратал ауданы