Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Экологиялық тәрбие - болашақ кепілі


28 января 2010, 23:38 | 13 403 просмотра



Тәрбиенеің адам өмірінде алар орны ерекше. «Тәрбие басы – тал бесік» - дегендей, балаға кішкентай кезінде қандай тәрбие берілсе, оның болашағы да сондай болмақ. Әрине, ол үйдегі ата-ананың тәрбиесімен қатар балабақша, мектеп тәрбиесіне байланысты. Тәрбие негізі қаншалықты сапалы болса, келешек кепілі де сондай болмақ. Оның бір бағыты ретінде экологиялық білім саласын да назардан тыс қалдыруға болмайды. Себебі, экологиялық тәрбие – ол баланың қоршаған ортасы, айналасы, болашағы деген ұғымдармен тығыз байланыысты.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың жеке тұлғасының қалыптасуында өскен ортасы, табиғаттың әсемдігі, көгалдандырылуы – негізгі әлеуметтік факторлардың бірі. Ол жұмыс әрбір Қазақстан азаматының күнделікті дем алатын ауасы мен тамағы сияқты қажеттілікке айналуы керек. Дана халқымыз «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей күтілген әсем аулада өмір сүрген ұрпақ өскенде де, сондай ортада өмір сүруді мақсат етеді. Демек, әсемдікке бала жастайы-

нан үйренсе, оны ары қарай іске асыру көп қиындық тудырмайды.

Дегенмен, жаңа технологияның арқасында шөл даланы гүлдендіріп, адам таңқаларлық оазистер жасап жатқан мемлекеттерге қарағанда, елімізде көгалдандыру мәдениеті кенжелеп тұрғаны анық. Қоршаған ортаны көгалдандырудағы кенжелеуді жоюдың ұтымды жолының бірі – жас ұрпақты туған табиғатты аялап, күтіп баптауға, көбейтуге, қайтадан қалпына келтіруге үйрету. Ол жұмыс әрине алдымен балабақша мен мектептен, әр үйдің ауласын гүлдендіруден басталатынын жоғарыда айттық. Осы орайда, білім ордаларының ауласы, оның дәліздері мен сынып бөлмелері әсем де, сәнді мемлекеттік стандарт талабына сай ұлттық нақышта көгалдандырылуы керек. Ол оқушының денінің сау, көңіл-күйінің көтеріңкі, әрі өмірінің сәнді болуына жағдай жасайтын басты факторлардың бірі.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі 2002 жылы бірлесіп дайындаған Экологиялық білім беру тұжырымдамасында «Экологиялық ахуалдың жалпы нашарлауының негізгі себептерінің бірі – халықтың, соның ішінде басқару құрылымдары мамандарының табиғатты пайдалануға байланысты шаруашылықтың әр саласындағы қызметкерлердің экологиялық білімінің жеткіліксіз немесе тым төмен болуы» деп атап көрсеткен.

Білім беру мекемесінің ауласын көгалдандыру жолға қою алдымен сол мекемелердің басшыларына байланысты. Іскер басшы мектепте білім беру сапасының арттырудың жаңа технологиясын енгізумен қатар, оқушының жеке басының тұлғалық қалыптасып дамуына ықпал ететін экологиялық, қоршаған ортаны қорғау, әсемдікке баулу жолдарын жетілдіруді әркез назарынан тыс қалдырмайды.

Білім ордасының оқушылардың дені сау болып сапалы білім алуында мектеп ғимаратының, оның ауласы мен ішкі дәліздерін және бөлмелерін талапқа сай жасыл өсімдіктер өсіру арқылы әсемдеу қажет. Сонымен қатар күндерінің жартысын мектепте өткізіп, ой жұмысымен айналысатын желкілдеп өсіп келе жатқан жас ұрпақтың көңіл-күйінің көтеріңкі, денінің сау болуында мектеп ауласында және оның ішкі бөлмелеріндегі оттегінің жеткілікті болуы, ауаның тазалығы басты рөлде тұрғаны абзал.

Мектеп тек білім ордасы ғана емес, оқушылардың тәрбие-тәлім алатын екінші үйі болғандықтан білім ордаларының көркейіп, жасыл әлемге оранып тұрғаны кімге болмасын ұнайтыны анық. Мектеп ауласы мен дәліздің, сынып бөлмелерінің әсемдігі баланың эстетикалық сезімін оятып, әсемдік туралы талғамын шыңдап, әдемілікке үйрететін басты орта. Талғамы жоғары бала білім алуға талпынады. Сынып бөмесіндегі аса бір тал-

ғаммен отырғызылып, күтілген гүл түбектері, олардың сынып бөлмесінде үйлесімді орналастырылуы баланы өсімдікті күте білуге дағдысын, жауапкершілігін қалыптастырады. Жастайыннан әсемдікті сүюге үйренген бала өсімдіктерді бүлдірмейді, керісінше, оны аялап молайтады. «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» деп Елбасымыз айтқандай оқушыларды тәрбиелеп отырған ұстаздар оқушылырдың эстетикалық тәрбиесіне де баса көңіл бөлуде. Осы орайда, төменгі сынып мұғалімдері ата-анамен бірігіп жасыл әлем дүниесіне сүйіспеншілігін оята алса, одан ары қарай ол жас жеткіншектің негізгі дағдысына айналып, жеке тұлғасының қалыптасуына оң әсер ететін болады.

Мектепте жүйелі жүргізілген табиғатты қорғау, көгалдандыру жұмыстарының нәтижесінде бастауыш сыныптарында негізі қалан-

ған әсемдікті сезіну, оны өз қолымен жасау, талғамын жетілдіру жұмысы жалпы орта білім алу, яғни, базалық білім алу барысында одан ары жалғасын таппақ. Бұл кезде оқушы өзін қоршаған ортадағы өсімдіктердің қыр-сырын терең білуге талпынады. Сөйтіп, оқушы өсімдіктерді аулада, бөлмеде өсіру, оларды күтіп баптау әдіс-тәсілдерін іздеп, жараты-лыстану бағытындағы пәндерге қызығушылық таныта бастайды. Оқушының мұндай қызығушылығы көгалдандырыу саласына деген мотивін тудырады. Мотив оқушының өсімдіктер әлемі туралы білуге талпынуына түрткі болады. Білуге, ұғып, өз қолымен істеу-ге үйренген оқушының бос уақыты болмайды. Бос уақыты болмаған оқушы әлеуметтік өмірдегі жағымсыз мінез-құлықтан (девианттық) аулақ болып өсетініне күмән жоқ. Сонымен қатар, бос жүруге дағдыланбаған жеткін- шек үнемі еңбек етуге талпынып, уақытын тиімді, пайдалы нәрселерді үйренуге жұмсайды.

Тәрбиенің нәтижелілігі оқушының өзіне, өзінің сеніміне көз жеткізуінде. Оқушының әсемдікке деген сүйіспеншілігінің қалыптасуы нәтижесінде халық, Отан алдындағы жауапкершілігі артады. Әлемде түрлі мемлекеттерде көгалдандыру мәдениеті ұлттық мәдениеттің көрінісі болып табылады. Мәселен, жапон халқы баланы бірінші сыныптан гүл егу, икебано жасау мәдениетіне үйретеді. Біздің мектептерде де көгалдандыру бағытында түрлі жұмыстар жүргізілу қажет. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен жүргізілетін жұмыстар экологиялық білім жүйесінің негізін қалап, болашақта икемдігіне, қабілетіне қарай мамандық таңдауына, өмірден өз орнын табуына ықпал ететіндей нәтижелі болуы тиіс.

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дегендей, жалпы өміріміздің өсімдіктер әлемімен тікелей байланысты екенін естен шығармауымыз керек. Егер өсімдіктің маңыздылығын ұл-қыздарымызға қазірден бастап насихаттайтын болсақ, олардың бойларын табиғат әлеміне деген сүйіспеншілікке, мейірім-

ге үйретеріміз даусыз. Осыған орай, «Гүлстан» журналының қолдауымен өскелең ұрпақты гүл мәдениетіне үйрету, қоршаған ортаны қорғауға баулу, көгалдандырудың қажеттігін түсіндіру, оқушылармен экологиялық бағытта жұмыс жүргізу үшін «Гүлстан» гүл үйірмесі қаламыздағы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 мектеп лицейі мен Мағжан Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимазиясында жұмыс жасауда. Бұл гүл үйірмесінің мақсаты – жас жеткіншектерге гүл мәдениетін, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін насихаттау, экологиялық тәрбие беру, мектеп ауласын гүлдендіру және отаншылдыққа, патриотизмге тәрбиелеу болып табылады. Үйірмеде жеткіншектер гүл әлемімен танысып, оларды күтіп баптау әдістерін үйренеді. Туған табиғатымыздағы кейбір гүлдердің жойылып кетпеуі үшін гүл егу мәдениетін үйреніп, көгалдандыру жұмыстарын меңгеру қажеттігін де терең түсінеді. Сонымен қатар, үйірмедегі оқушылар «Гүлстан» журналы мен «Гүлзар» қоғамдық бірлестігінің «Гүлстан» гүл алқабында Республика көлемінде өткізілетін «Қызғалдақ мерекесі» және «Туған табиғатты аялайық!» байқауларына қатысады.

Жалпы журнал туралы айтар болсақ, Республикалық ғылыми-танымдық «Гүлстан» журналы Қазақстандыға көгалдандыру, экологиялық тәрбие беретін жалғыз басылым. Журнал өз жұмысын 2005 жылдан бері Республика көлемінде жүргізіп келеді. Негізінен Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, еліміздегі мектептермен тығыз байланыс орнатуда.

Мектепте өсімдік мәселесін мұғалімдерге жүктеп қойғандықтан, оқушылар тыс қалып жатады. Ал, негізінен гүл күтуді, оны суғаруды оқушыларға үйретуіміз керек. Маман болмағандықтан, мектептерде гүлге қарайтын жеке жұмысшылар жоқ. Бұл мәселенің шешімі көгалдандырушы, гүлпаз деген мамандықтарды даярлайтын университеттерде факультеттердің ашылыумен орнына келетін сияқты. Бізде, әрине, орман шаруашылығы, биология, экология факультеттері бар. Алайда, оны оқитын, сұраныс ететін жас-

тар аз. Қазір балалар юрист, экономист, банк қызметкерлері мамандықтарын көп таңдайды. Себебі, экология саласына барайын десе, оларды «жұмыс орны табыла ма, жалақысы қандай?» деген сұрақтар мазалайтыны анық. Бұл, негізінен, біздің елімізде гүл, көгалдандыру мәдениетінің бәсеңдеп дамып жатқанының салдарынан болып отыр. Сол үшін баланың бойына табиғатқа деген махаббатын сөндіріп алмай, күннен-күнге оқушылардың қызығушылықтарын оятып, экологияға байланысты жұмысымызды одан ары күшейтуіміз керек.

XXI ғасырда өмір сүріп отырған, білімнен кенде емес азаматтардың қолындағы қажетсіз заттарын көшенің кез-келген жеріне тастай салуы - табиғатты аямаудағы, ата-баба салтын дұрыс сақтай білмеуінің айғағы.

Мектеп оқушыларының экологиялық білімі мен тәрбиесін қалыптастыруда:

- экологиялық сауаттылық;

- экологиялық мәдениетті оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес бойына сіңіре білу кезек күттірмейтін мәселенің бірі.

Оқушыларды ауладағы ағаштар мен гүлдерді, бөлме гүлдерін суғаруға баптап күтуге үйрету арқылы өсімдіктер әлемінің қыр-сырын ұғындыра түсумен қатар, еңбекке баулуға да мол мүмкіндік табар еді. Көптеген дамыған елдерге көз салар болсақ, Венгрияда арнайы гүл маманы тіптен жоқ екен. Себебі ол елдің заңына сәйкес әрбір азамат гүл өсіріп, көгалдандыруды өзінің міндеті деп есептейді. Ал, жапонияда бірінші сыныптан бастап гүл өсіру мен көгалдандыру пәндік сабақ ретінде өткізіледі. Филиппинде әр азамат жылына аз дегенде алты ағаш егіп, көгалдандыруға ат салыспаса, азаматтығынан айырылады. Міне, осындай мысалдардан-ақ біз көгалдандырудың әлемдік деңгейде қандай орны бар екенін көре аламыз. Көгалдандыру ісін мектептен бастауымыздың себебі де осы еліміздегі кенжелеп тұрған саланы болашақ ұрпаққа үйретіп, әдемілікке бой құмар, жаны сұлу, елінің ертеңгі көгалдандыруына өз үлесін қосатын патриот ұрпақты қалыптастыру. Мектептегі көгалдандыру ісі тек мектептегі биология пәнінің мұғалімдеріне қатысты емес, әрбір мектеп басшылары мен мұғалімдер, ата-аналар да бұл мәселеге өз үлесін қосуы керек.

Автор:
Мақпал АҚМОЛЛАЕВА, «Гүлстан» журналының биологы. аiym777@mail.ru