Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сабақтың тақырыбы: "МЕНІҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫМ"


18 января 2013, 01:18 | 3 891 просмотр


Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың құқығы мен жауапкершіліг туралы білімдерін арттыру, қоғамдағы міндеті мен жауапкершілігін сезіндіру.

2. Дамытушылық: Өз ойын еркін айта білуге, өз құқығын

қорғай білуге баулу, жүйелі шешен сөйлеуге баулу, қабілеттерін арттыру.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың қоғамда өзін ұстай білу мәдениетіне, сыйластыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дөңгелек үстел.

Сабақтың әдісі: ойқозғау, әңгіме-пікір.

Сабақтың көрнекілігі: қанатты сөздер, сызбалар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Мақсат қою кезеңі.

А) Оқушыларға жастар және олардың әрекеті туралы түсінігін жетілдіру, өз ойларын айта білуге, дәлелді мысалдар келтіруге, өз көзқарастарын, ойтолғауларын жеткізе білуге бағыт беру.

Ә) Қоғамға, өз ортасына саналықпен қарау, сияқты көзқарасын қалыптастыру. Адамгершілікке ізгі қасиеттерге тәрбиелеу.

III. Жоспар.

1. Мен кіммін? Сұрағына ой бөлісу.

2. Адам өмірінің мәні, мұғалімнің сөзі.

3. Ақын М.Жұмабаевтің «Мен жастарға сенемін» өлеңін талдау.

4. Жастар әрекеті туралы (ой бөлісу)

5. Менің қоғамдағы орным. (Ой бөлісу)

6. Жастар болашақта қандай болуы керек?

IV. Қорытынды.

1. Адам өмірінің мәні туралы қысқаша мұғалімнің сөзі.

Адам өмірінің мәні – сол өмірде бастан - аяқ адамша сүре білуде: адам болып туған екенсің, сол адамгершілікті, кісілікті сақтай білу, сол кісілік үдеден айнымау, адамдық пейіліңді мықтап ұстап, өмілдің әр сәтінде адам болып қала білу, қандай да бір шым – шытырық, қиын-қыстау жағдайларда да адамдық тұрғысынан талмай, өз кісілігіңді байыту, кеңейту, жан-жақты дамыту, толыққанды шығармашылық күй кешу.

Әр адам өз кезінде толыққанды өмір сүріп, бақытты бола алады, бұл оның ақыл-ойына, қайрат – жігеріне, өмірге деген құлшынысына, кісілік тұғырына байланысты. Адамның бақыты, кісілігі, тіпті тектілігі де туа бітетін, әлдебір сырттан жұға салатын, оп-оңай беріле қалатын нәрсе емес, мұның бәрі де тек адам жанының күйзелуімен, тынымсыз ізденумен келетін, бекитін және баянды болатын құндылықтар. Жақсылықты өз бойына дарыта білу, оны сақтап қана қоймай арттыра білу: іздену – адам жанының қажымай-талмай еңбектенуі арқылы ғана мүмкін болады. Сондықтан адам өмірінің мән–мағынасы – осы өмірдің өзі берілген өмірді лайықты дәрежеде өтекру; әркім өз өмірінің мән-мағынасын өзі қалыптастырып, лайықты мазмұнға толтырып, жауапкершілігін өз мойнымен өзі көтеруге тиіс.

2. Ақын М.Жұмабаевтің «Мен жастарға сенемін» өлеңін талдау жасау.

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін!

Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар.

Жаннан қымбат оларға.

Мен жастарға сенемін!

Жас қырандай балапан,

Жайып қанат ұмтылған.

Көздегені көк аспан,

Мен жастарға сенемін!

Жұмсақ мінез жібектей,

Сүттей таза жүректер.

Қасиетті тілектер,

Мен жастарға сенемін! Тау суындай гүрілдер,

Айбынды Алаш елім дер.

Алтын Арқа жерім дер,

Мен жастарға сенемін!

Қажу бар ма тұлпарға,

Талу бар ма сұңқарға?

Иман күшті оларда,

Мен жастарға сенемін!

«Алаш»- айбынды ұраны,

Қасиетті құраны.

Алаштың олар құрбаны,

Мен жастарға сенемін!

Мен сенемін жастарға,

Алаш атын аспанға.

Шығарар олар бір таңда,

Мен жастарға сенемін!

3. Жастар әрекеті туралы (ой бөлісу)

А) Жастар қандай болуы керек?

Білімді, саналы, жан-жақты, мәдениетті, адамгершілігі мол және т.б.

Ә) Жастар әрекеті қандай болуы керек?

Қоғамда, еңбекте, оқуда, өз ортасында және т.б.

• Қоғамдағы іс -әрекеті.

• Қандай да қоғам болмасын оның бір мүшесі кімдер? (жастар)

4. Менің қоғамдағы орным. (Ой бөлісу)

Жастар болашақта қандай болуы керек?

Оқушылар өз ойларын айту. (ұлтжанды, жан-жақты, сегіз қырлы бір сырлы, жауапкершілігі, адамгершілігі, ұқыпты)

V. Қорытынды.

Қорыта келгенде, сендер біздің болашағымызсыңдар. Ақын М.Жұмабаевтің «Мен жастарға сенемін» өлеңінің бер бөлігі Мысалы: Арыстандай айбатты деп сендер, жастарға сенім артып айтып отыр. Сондықтан жоғарыда айтылған қасиеттерінің барлығы сендердің бойларыңда болу керек.

Автор:
Айжан МҰҚАНОВА Талдықорған политехникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Талдықорған қаласы