Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ЖЕЛТОҚСАН ЖАСТАРЫ


18 января 2013, 01:21 | 1 063 просмотра


Бабам талай армандады тәуелсіздік күндерді,

Бастан кешіп жүрсе-дағы суық, ызғар түндерді.

Ел үмітін жалау еткен сол халықтың жастары,

Желтоқсанның ызғарында еркіндікке дүр берді.

Арман етіп ұлы жолын еркіндік пен теңдіктің,

Танытты олар таңғажайып табыстарын ерліктің.

Міне, сондай қайсарлық пен табандылық арқылы,

Қалың елім бүгін міне, төбеңе Көк Ту тіктің.

Автор:
Рахат РАХИМЖАНОВ М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп- гимназиясының 10-сынып оқушысы. Талдықорған қаласы