Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сабақтың тақырыбы: БҰҚАР ЖЫРАУ


18 января 2013, 01:22 | 3 167 просмотров


Сабақтың мақсаты: 1. Елге ұйытқы, ер – азаматқа ақылгөй жыраудың өмірі мен шығармашылығы туралы оқығандарын ортаға салу;

2. Шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету, сөз байлығын арттыру;

3. Оқушыларды атамекенді сүюге, адамгершілікке, бірлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, баяндау, Венн диаграммасы

Байланысы: тарих, матем, география

Көрнекілік: карта, портреттер, кесте

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі Амандасу, кезекші рапорты

Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа сабақты түсіндіру

Мақсат қою

Бұқар жырау туралы алған білімдерімізді қорытындылау, түйін жасау

Сыныпты екі топқа бөлемін.

І топ тарихшылар

ІІ топ әдебиетшілер

«Тарихшылар» тобына берілетін тапсырмалар

1. ХVIII ғасырдағы тарихи жағдай

2. Абылай ханның тарихтағы орны

3. Абылай мен Бұқар қандай қарым – қатынаста болған

4. «Батырың өтті Бөгенбай» толғауын жатқа оқу, қазақ батырларынан кідерді дәріптеген.

«Әдебиетшілер» тобына берілетін тапсырмалар

1. Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі

2. Бұқар шығармаларының негізгі тақырыптары

3. Венн диаграммасы

Жыршы Жырау

«Бірінші тілек тілеңіз» толғауын жатқа оқу және қандай пәнмен ортақтастығы барын анықтау

ІІІ. Шежіре сыр шертеді

Бұқар жыраудың кейінгі ұрпаққа айтқан аманат хатын оқу.

Құрметті, менің ұрпақтарм!

Біз өз дәуірімізде еліміздің қамын ойлап, сендер болашақ ұрпақ тыныш заманда өмір сүрсе екен деп бойымызда қасық қанымыз қалғанша күресіп өттік. Сендерге айтарым:

Айнала алмай ат өлін,

Айыра алмай жат өлсін.

Жат бойыңнан түңілсін,

Бәрің де бір енеден туғандай болыңдар!

Сонда сендерді жау да, дұшпаныңда ала алмайды.

Сабақты пысықтау: «Бұқар жырау мектеп пәндерінде» деген тақырыпта сұрақтар қойылады. Оқушылар жауабын айтады да, қай пәнге тән екенін айтады.

1. Бұқар жырау қай жерде дүниеге келді?

2. «Бірінші тілек тілеңіз» өлеңінде сан есімнің қандай мағыналық түрлері бар. (есептік, реттік, жинақтық сан есімдер, математика)

3. 1723 жылы қандай тарихи оқиға болды?

(Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама) тарих

4. Ел бастау қиын емес,

Қонатын жерден көл табылады.

Қол бастау қиын емес,

Шабатын жерден ел табылады

Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көркем жоқ – деп кім айтты?

(Бұқар жырау, әдебиет).

Үй тапсырмасы: «Бұқар жырау – жыр жампозы» шығарма дайындау

Бағалау.

Автор:
Маржан БЕРІКҚАЛИЕВА, №25 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Талдықорған қаласы