Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ «БОРАНДЫ ТҮНДЕ» ӘҢГІМЕСІ


18 января 2013, 01:24 | 10 523 просмотра


Сабақ мақсаты:

Білімділік: оқушыларға әңгіме мазмұнын меңгерту, сын тұрғысынан ойлау әдісінің элементтері арқылы талқылауға бағыт-бағдар беру.

Дамытушылық: өзіндік талдау, жинақтау жасау, ойлай білуге дағдыландыру, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру.

Тәрбиелік: сезімді, төзімді, қайырымды, шыншыл болуға, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: жазушы портреті, кубик, газет-журнал материалдары

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, ой бөлісу

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

• Оқушылармен амандасу, түгендеу

• Сабаққа даярлықтарына назар аудару

• Сабақ тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

«Боранды түнде» әңгімесін мазмұндау.

Әңгіме ұнады ма, не туралы?

Әңгіме кімнің атынан баяндалады?

Қайсар кім, оның қандай ерекшелігі бар?

Әңгіме неліктен «Боранды түнде» деп аталған деп ойлайсыңдар?

ІІІ. Жаңа сабақ.

• «Ой қозғау» әдісі

Жазушы деген кім?

Оның шығармалары оқырманға қандай ой салу керек деп ойлайсыңдар?

• Әңгімеге сюжеттік-композициялық талдау жасау.

- оқиғаның басталуы; Қайсар мен қайын атасы

- оқиғаның дамуы; Қайсардың қыз алып қашуға бел байлауы

- оқиғаның шиеленісуі; Бекберген үйіндегі айқай-шу

- оқиғаның шарықтау шегі; Баланың адасып, Асылқанның үйіне келуі

- оқиғаның шешімі; Бала мен Кәменнің Қайсардың үйіне келуі.

• «Кубизм» әдісі бойынша оқулықпен жұмыс

• Суреттеп беріңіз

• Салыстырыңыз

• Зерттеңіз

• Қолданыңыз

• Ауызша талдау

• Қолдаңыз, қарсы шығыңыз

• Кәменді алып қашуға барғандағы ауа райын суреттеңіз

• Бекберген мен Қадыр мінездерін салыстырыңыз

• Күреңтөбел мен Көкдауылдың басқалардан қандай ерекшелігі барын зерттеңіз

• Кәмен қандай қыз? Сыныпта бір қызға сипаттама беруде қолданыңыз

• Әңгіменің күлкілі тұстарын ауызша талдап айтыңыз

• Кәменді Қайсар алып қашпай-ақ құда түсіп алам десе де Бекберген беретін еді. Осы пікірді қолдаңыз не қарсы шығыңыз

ІҮ. Сабақты пысықтау.

• Шығармашылық жұмыс.

• «Сұлу әйел»

• «Жүйрік ат»

• «Құмай тазы»

3 қатар осы берілген тақырыптар бойынша мәтін құрау, аз болса да әдеби тілмен жазылумен бақылау.

• Поэзиялық минут.

Абай «Қыс» өлеңі және әңгімедегі ауа райы мен өлеңдегі ауа райында күннің суықтығы қалай суреттелген? Ендеше осы суықта, сын сағатта автор бойынан қандай қасиеттерді көруге болады? Дәлелдер келтіру арқылы дәптерге жаз.

• «Топтастыру» стратегиясы.

Бала

Ү. Сабақты қорытындылау.

7. «Ой толғау»

Біз бүгін не үйрендік, не туралы білдік?

Әр оқушы бір-бір сөйлем арқылы өз ойларын айту.

ҮІ. Үйге тапсырма Қ.Аманжолов «Өзім туралы» өлеңінен үзінді жаттау.

ҮІІ. Оқушы білімін бағалау.

Автор:
Ләззат ҒАБДУЛИНА Екіаша орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сарқан ауданы