Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН ИНТЕРАКТИВТІ ҚҰРЫЛҒЫЛАР КӨМЕГІМЕН АРТТЫРУ


18 января 2013, 01:25 | 2 692 просмотра



Қазіргі кезде мемлекет алдында білімді, іскер, білікті, шығармашылықпен жұмыс істейтін орта буын мамандарды тәрбиелеу қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты білім беру жүйесінің жаңаруы заман талабына айналып отыр. Ал оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін анықтап, оны одан әрі дамытуда оқыту технологияларының маңызы зор.

Технология ұғымына әр түрлі анықтама беріледі. Соның біреуін келтіретін болсақ:

Педагогикалық технологиялар – бұл білімінің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін ғана емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қойып отыр.

Әдістемелік инновациялардың көпшілігі интерактивті оқыту әдістерімен байланыстырылған. «Интерактив» сөзі ағылшынның «interact» сөзінен шыққан, мұндағы «inter» – бірлесіп, өзара, «act» – әрекет ету деген мағынаны береді. Яғни интерактивті оқыту дегеніміз – сұхбат арқылы оқыту. Сұхбаттық оқытуды дәстүрлі сабақ формасында да ұйымдастыруға болады, бірақ ол «оқытушы – оқушы», «оқушы – аудитория» сызбасы бойынша ғана ұйымдастырылады. Ал интерактивті оқытуда «оқушы – оқушы», «оқушы – оқушылар тобы», «оқушылар тобы – аудитория», «оқушы – құрылғы» сызбасы бойынша ұйымдастырылады.

Интерактивті оқыту – танымдық әрекеттерді ұйымдастырудың арнайы формасы, яғни білім алу процесін ешкім сырт қалмайтындай етіп ұйымдастыру. Интерактивті оқыту формасында оқушы мен оқытушы арасындағы қарым – қатынас үлгісі де өзгереді: оқытушы белсенділігі төмендеп, оқушы белсенділігі артады. Ал оқытушының міндеті – оқушы белсенділігін, шығармашылығын арттыру ояту үшін қолайлы жағдай туғызу болып табылады.

Жаңа білім алу процесі оқушы үшін қолайлы атмосферада жүргізіледі. Интерактивті технологияның тәрбиелік мүмкіндіктері де маңызды: оқушылардың коммуникативтілік қасиеттерін дамыту мүмкіндігін береді. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізе білуге, басқалардың пікірін тыңдауға үйренеді. Жасқаншақ оқушылар жүйкелеріне түсетін салмақтан да арылады, өйткені оқушылар оқытушы тарапынан ескерту алудан қорықпайды.

Бүгінгі таңда оқытушылар өз тәжірибелерінде әр түрлі оқыту технологияларын қолдануда. Солардың бірі М.Жанпеисованың модульдік оқыту технологиясы. Мен өз тәжірибемде модульдік оқыту технологиясын қолданамын, өйткені ол маған сабақтарымда интерактивті оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігін береді.

Бұл оқыту технологиясының ерекшелігі тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі өзектілендіру, өзін – өзі бекіту, қарым – қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы.

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу және қорытынды бөлімнен түрады.

Әр оқу модулінде сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер 7-12 сағаттан түратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті.

Жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.

Кіріспе бөлімінде оқытушы оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат – міндеттерімен таныстырады. Содан кейін оқытушы осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша, сызба, кесте және тағы басқа белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Сөйлесу бөлімінде танымдық үрдіс топты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған.

Бұл технологияны қолдану барысында мен оқу материалдарын дайындау көп уақыт талап ететінін байқадым. Ал қазіргі заманғы интерактивті құрылғылар дайындыққа кететін уақытты шамамен үш есеге азайту мүмкіндігін береді. Сонымен қатар электронды материалдар қайта өңдеуге, қатесі болған жағдайда тез түзетуге, жетілдіруге өте қолайлы болып табылады және интерактивті құралғыларды сабақта қолдану оқушылардың қызығушылықтарын, белсенділіктерін, дайындықтарын арттыра түседі. Интерактивті құрылғының ең бастысы – интерактивті тақта болып табылады.

9- сыныпта өтетін № 3 модуль . Азот, оның қосылыстары ( 5 сағат) жоспарын ұсынып отырмын

Қорытынды тестілеуді ActiVote құрылғысының көмегімен жүргізген тиімді болып табылады.

Модульдік оқыту технологиясы баланың тұлғалық психикалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Ал модульдік технологияны интерактивті құрылғылардың көмегімен жүзеге асыру сабаққа дайындық кезеңінде көп уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі заманғы педагогикалық ғылым білім мазмұнын бұрынғыдан өзгеше қарастырады. Қоғамда дамытушы, тұлғаға бағытталған технологиялардың енгізілу қажеттілігі туындап отырғаны айқын.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.М.М.Жанпеисова. модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде /Аударған Д.А.Қайшыбекова/ – Алматы, 2006 ж.

Автор:
К.С ЖАМАНБАЛИНОВА Ш.Уәлиханов атындағы № 10 орта мектеп – гимназиясының химия пәні мұғалімі Талдықорған қаласы