Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

"ҚОШ БОЛ, ҚҰТТЫ ӘЛІППЕМ!"


18 января 2013, 01:26 | 1 138 просмотров


Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау,өз өнерлерін ата-аналарға көрсету,белсенділігін арттырып,ұжымшылдығын күшейту.

2.Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын,есте сақтауын дамыту.

3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін-бірі сыйлауға, кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға және балалардың эстетикалық талғамдарын түсініп, ана тілін сүйіп,қастерлеуге тәрбиелеу. Көрнекілік: «Қош бол, құтты Әліппем!», суреттер,шарлар, жалаушалар,суретті әріптер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, үнтаспада «Адай» күйі. Оқушылар сәнді киінген, сахна төрінде.

Сабақтың барысы:

1-жүргізуші.

Уа, халайық!

Ортаға шақырайық қол соға

Сүйікті біздің ұстазды

Шәкірттермен ортаға

Раушан біздің апайды

Мұғалім: Құрметті ата аналар және ұстаздар!

Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы той қосылмақ. Бұл той балалардың тұсаукесер тойы іспеттес.

1-оқушы. Шашу, шашу шашайық

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке, бұл тойдың

Бастамасын бастайық!

Өтті оқу сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат

Оқулықпен достаспақ

Әліппемен қоштаспақ

1 жүргізуші: Қымбатты балалар! Біз кітап пен журналдарды оқи алатын болдық.Бұл білімді бізге не үйретті

Хормен: Әліппе досымыз!

Мұғалім: Иә , ендеше сүйікті әліппемізді ортаға шақырайық.

Әліппе келді ортаға

Білім деген ғаламның

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден

Жақсы білім- көрімдік

Болсын сізге халайық

Қане ортаға салайық!

2-жүргізуші: Біз екі тоқсан бойы көп еңбек еттік, 42 әріпті түгел жаттап алдық. Оқуды санауды, жазуды үйрендік Осының бәрін үйреткен кім:

Хормен: Мектеп ,мұғалім. Әліппе!

А – ны айтқанда дауысым дірілдейді

Ұстазым көз алдымда күлімдейді

Күн сайын әріптердің атын біліп

Сөз оқимын айырып буынды енді

Ең алғаш қолға алғанда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін сырлы жұмбақ бұл кітаптың

Ұстазым маған кілтін алып берді.

1 жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған егінші де, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де , бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан да ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. (бас иеді)

Мұғалім: Балалар, енді мына жиналған қауымға осы уақытқа дейін нені оқып үйренгендеріңді көрсетсеңдер деймін.

Мұғалім: Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін әліппе достарыңа не деу керек

Хормен: Әліппеге рахмет!

Әліппе: Құрметтеріңе рахмет, балалар! Енді менен алған білімдеріңді ана тілімен ұштайсыңдар. Міне, менің досым Ана тілінің өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар!

Хормен: Сәлеметсің бе, Ана тілі

Ана тілі: -Сәлеметсіңдер ме, менің жас достарым! Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын.Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар. Ақын жазушылардың ертегі, әңгімелерін ынта қойып оқыңдар. Сонда сендер көп нәрсе үйренесіңдер

Хормен : Оқимыз , оқимыз, оқимыз!

1-оқушы: Қош бол, құтты әліппем

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің

Әліппе: Балалар, рахмет сендерге! Ана тілі оқулықтарыңды жақсы оқыңдар,үлгілі оқушы болыңдар. Қош сау болыңдар!

Автор:
Раушан УРКУМБАЕВА, Балпық би атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі. Ескелді ауданы.