Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сабақтың тақырыбы: АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ «ҚЫС»


18 января 2013, 01:26 | 2 075 просмотров


Сабақтың мақсаттары:

1)Оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмірі оның шығармалары туралы білімін кеңейту. «Қыс» туралы өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу.

2)Оқушылардың сөздік қорын, ойлануын, көз алдына елестету қабілеттін дамыту.

3)Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған жерінің табиғатын сүюге, төзімділікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Абай суреті, Қыс мезгілінің суреті, сызбалар

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

а) Психологиялық дайындық

ІІ.Мақсат қою кезеңі.

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық

-Балалар, Абай Құнанбаев кім?

(Тақтаға Абай Құнанбаев портреті ілінеді)

-Абай Құнанбаев –ұлы ақын, сазгер, аудармашы. Ол 1845 жылы 28 тамызда Шығыс Қазақстан обл, Абай ауданында, Шыңғыс тауының етегінде дүниеге келген . Абайдың шын аты-Ибраһим. Абай кәрі әжесі Зеренің аңыз, ертегілерін тыңдап, өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде болған. Абай жастарды өнер-білімге шақырды.

-Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер? (Оқушылар өздері білетін өлеңдерді атайды)

-Абайды сонымен бірге лирик ақын деп те айтамыз, өйткені ол табиғаттың әсем сырларын, ондағы болып жатқан құбылыстарды жырға қосты.Оның жылдың төрт мезгіліне арнап шығарған «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұрым» және т.б өлеңдері бар.

-Бүгінгі сабағымызда Абай атамыздың «Қыс» өлеңімен танысамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу

2.Өлеңнің шығу тарихына тоқталу

Семей өңірінде 1884 жылы қыс қатты болып ел жұтап, мал қырылған екен. Қыста жауған қалың қар сәуір айына дейін жатыпты. Ақын сондықтан да қысты «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды»,- деп адамға теңеген.

3. Сөздік жұмысы.

-Балалар осы өлеңдегі бізге таныс емес сөздерді оқып, танысайық.

Денелі-денесі зор, ірі тұлғалы

Долдану-қатты ызалану

Алты қанат ақ орда-алты керегелі үлкен үй

Домбығу- дененің суыққа ісінуі

Шидем –қой жүнінен тоқылған сыртқы киім

-Балалар, осы өлеңдегі «ақ киімді, денелі, ақ сақалды, түсі суық, ақ қырау, бұлттай қасы»,- деген сөздерді естіген кезде сендердің көз алдарыңа кім елестейді? (Аяз ата)

4. Сергіту сәті Жұмбақтар жасыру

5. Топпен жұмыс.

І-топ: Ана тілі орталығы

1. «Қыс» деген тақырыпта эссе жазу

2.Қыс мезгіліне байланысты мақал-мәтел жазу

(-Қыс азығын жаз жина.

-Қыс қысыларсың, жаз жазыларсың

-Жаздың бір күні, қыстың мың күнін асырайды т.б)

3.Мәнерлеп оқу минуты (1 бала)

ІІ-топ: Қазақ тілі орталығы

1.Қыс мезгіліне байланысты бірнеше сөйлем жазып, сөйлем мүшесіне талдау

2.«Қыс» сөзіне ассоциация құрау

3.Мәнерлеп оқу минуты (1 бала)

ІІІ-топ: Дүниетану орталығы

1.Шартты белгілер арқылы бүгінгі ауа-райын бақылап жазу.

2.Халықтық педагогика: Ертеде ата-бабаларымыз ауа-райын жануарлар мен өсімдіктерге қарап болжай білген. Сондай өздерің білетін бірнеше болжамдар жазыңдар

(Өрістен қайтқан мал аузына шөп тістеп келсе, кешікпей боран болады.

Қоянның бүйрегі майлы болса, қыс аязды болады.

Шөп буыны ерте қатса, қыс жайсыз болады. Жаз құйынды болса, қыс қатал болады.т.б )

3.Мәнерлеп оқу минуты (1 бала)

6. Венн диаграммасы арқылы салыстыру.

ІҮ.Сабақты қорыту:

-Сонымен, «Қыс» өлеңін оқи отырып, қыстың өзіне тән ерекшеліктерін білдік. Бұл өлеңді жазған Абай атамыз табиғатты адам бейнесіне келтіріп, жанды нәрсеге теңеген алғашқы адам.

Ү.Оқушылырдың білімдерін бағалау.

ҮІ.Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқып, сурет салып келу.

Автор:
К.Р. ДЕМЕУБАЕВА Сейфуллин орта мектебі бастауыш сыныптың мұғалімі Ескелді ауданы