Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

Сабақтың тақырыбы: МӘТІН


18 января 2013, 01:29 | 1 806 просмотров



Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: оқушыларға мәтін және оның түрлері туралы түсінік беру. Мәтін туралы білімдерін пысықтау, тиянақтау.

2) Дамытушылық: жаттығулар мен тапсырмалар арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, тілін, ойын дамыту. Өз пікірлерін дәләлдеуге, өз ойын жүйелі баяндауға үйрету.

3) Тәрбиелілігі: еңбекқорлыққа, үлкенді сыйлауға, табиғатты бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру.

Сабақтың әдісі: дамыта оқыту.

Тәсілі: сұрақ-жауап, ой шабуылы.

Көрнекілігі: тапсырмаларға арналған сурет.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру: оқу құралын дайындау. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Қызығушылықты ояту.

Екі қатардағы сөздерді салыстырып оқып, ерекшеліктерін аңғарту.

1. Берілген сөйлемдерге тақырып қоюға бола ма? Бәрі мәтін бе? Неге олай ойлайсың, түсіндір.

Қымыз – шипалы сусын. Ауылда үлкен мұражай бар. Балалар циркке барды.

2. Берілген сөйлемдерге тақырып қоюға бола ма? Неге олай ойлайсың, түсіндір.

Саққұлақ жақсы ит. Ол мал күзетеді. Бір күні қораға қасқыр шапты. Саққұлақ оған тап берді. Қасқыр қорқып қаша жөнелді.

Ендеше, бүгін біз мәтін туралы алған білімдерімізді еске түсіріп, жұмыс жасаймыз.

III. Мағынаны тану.

Күннің ретін, сабақтың тақырыбын жазу.

- Мәтін дегеніміз не?

- Мәтін мағына жағынан байланысты екі не одан көп сөйлемнен тұрады. Мәтінге ат қоюға болады.

- Мәтіннің түрлерін ата.

Әрбір мәтіннің сұрағын және ерекшелігін түсіндір.

а) Алматы Іле Алатауының етегінде орналасқан Қазақстанның ірі қаласы. Ұзақ уақыт бойы көптеген деректемелерде қаланың атауы «алманың атасы» деп аударылды.

Автор:
Майда ЖЕТІМБЕКОВА №2 Қабанбай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалім Алакөл ауданы