Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНДАРЫ


18 января 2013, 01:30 | 1 399 просмотров


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өткен материалдарды қайталау, еске түсіру, есте сақтау және алған білімдерін нақтылау.

Дамытушылық: Ізденіс жұмыстарын дамыту, әр түрлі деректермен жұмыс істеуге өз ойын тұжырымдай білуге үйрету.

Тәрбиелік: Елін, жерін сүю, құрметтеу өз елінің жетістіктерін мақтан ете білу, патриоттық сезімін ояту.

Сабақтың типі: Қайталау сабақ

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, іздену, интерактивті оқыту әдісі,

СТО әдістері , ойын элементтері т.б

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақтадан - Қазақстанның экономикалық картасын, кескін карта, суреттер,тест, термин және қосымша үлестірмелер.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру:

Сынып оқушыларын бес топқа бөлу, үлгерімі жақсы оқушылардан әділ-қазылар сайлау.

Жарыс ережесімен таныстыру:

1. Тәртіп.

2. Ұйымшылдық.

3. Жауаптылық.

2. Қайталау сабақ

1. «Білгір топ»

Бес топқа экономикалық аудандар бойынша бірдей 20 сұрақ жазылған парақ тарату, әр дұрыс жауап 1 ұпай деп есептеледі.

2. «Менің елім Қазақстан»

Әр топ 5-минут ішінде, өздеріне берілген кескін картаға ,

5 - экономикалық ауданды бөліп, облыстарын белгілеп, қазылар алқасына өткізеді.

3. «Қызықты бестік»

Жеребе бойынша әр топ бір экономикалық ауданды таңдап алады. Әр топқа барлық экономикалық ауданға қатысты мәліметтер жазылған анықтама қағаз таратылады, әр топ таратылған қағаздан өз экономикалық ауданына қатысты мәліметтердің астын сызу керек мысалы: «Рахат» кондиттер фабрикасы, Толық циклді түсті металлургия өнеркәсібі, Кокс, Доссор, Саколов-сарыбай, Атырау облысы, Пресс-автоматтар шығаратын зауыт, 283, 2 мың км. кв, Жолымбет алтын кен орны, Орташа тығыздық-1км кв- 2,9 адам және т.б. барлығы 100 жауап. Егер топта- Батыс Қазақстан экономикалық ауданы болса олар осы 100 жауап ішінен өз экономикалық ауданына қатысты: Доссор, Атырау облысы т.б. дұрыс жауапты белгілейді, бұл жерде карта,кітап қолдануға болмайды.(әр дұрыс жауап 1 ұпай)

4.«Аудармашылар сайысы»

Географиялық терминдер мағынасын түсіндіру.(интерактивті тақтадан терминдер көрсетіледі қай топ бірінші дайын болса, сол топ бірінші жауап береді, әр дұрыс жауап 1 ұпай)

5.«Шешендік өнер»

Тақырыбы: «Әлем таныған Қазақстан»

(әр топтың шешендік өнерлерін тыңдау)

3. Қайталау сабақты бекіту.

4. Үйге тапсырма беру:

Оқушының қалауы бойынша экономикалық аудандарға қатысты сөзжұмбақ, ребус,басқатырғы немесе тест құрау.

Автор:
Ж.Т.ДҮТБАЕВА №13 орта мектеп География пәнінің мұғалімі Талдықорған қаласы.