Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

КАСПЕРСКИЙ ЗЕРТХАНАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА ГРАНТ БЕРЕДІ


18 января 2013, 01:39 | 1 486 просмотров


Тұңғыш рет ресейлік қатысушылардан басқа оған енді ТМД-ның басқа елдерінің, соның ішінде Қазақстанның зерттеушілері қатыса алады.

Грантқа үміткерлердің барлығына зерттеу үшін ІТ саласындағы зиян келтіруші және қауіпті болуы мүмкін бағдарламалардың жіктелуі, киберқауіптерді анықтау және талдау әдістері, корпоративтік ортадағы ақпараттық қауіпсіздік, контент талдауы, мобильдік құрылғылардың қауіпсіздігі сияқты көкейкесті міндеттердің бірін таңдау ұсынылады.

Қазылар алқасы таңдаған бес үздік автор өздерінің жобаларын Касперский Зертханасының қолдауымен іске асыру мүмкіндігіне ие болады. Компания әрбір жеңімпазға ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуге 100 мың рубль бөледі, статистикалық мәліметтерді іздеу бойынша көмек береді, ал оның сарапшылары кеңес беру арқылы қолдауын көрсетеді. Дайын жобалардың тұсаукесері жылдың соңында Мәскеуде өтеді. Грантқа өтінімдер 2013 жылдың 13 наурызына дейін academy@kaspersky.com мекен-жайы бойынша қабылданады. Жеңімпаздар 15 сәуір күні белгілі болады. Жобамен жұмыс істеуге 7 ай бөлінген. Ғылыми зерттеулердің қорытындылары 2013 жылдың 2 желтоқсанында ұсынылады.

Автор:
ҚАЗАҚПАРАТ