Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ОҚУШЫЛАРДЫ ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНДЕ ЕҢБЕККЕ БАУЛУ


26 января 2013, 00:24 | 1 650 просмотров


Біздің ең басты мақсатымыз — 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру. .

Бізде ол үшін мүмкіншілік те, ресурс та, білімді адамдар да, берекеліұлттабар», — .

Осыған орай оқушылырды техникалық еңбекке баулуда және оларды халқымыздың сәндік қолданбалы өнерінің түрлерімен, оның тарихы мен таныстыруда, үйірме сабағында ұлтық үлгіде шағын бұйымдар жасап, өнерге ынтасын қалыптастыруға үйрету. Жұмыс істеу тәсілдерін үйретіуден бұрын, сол жұмыстарды мұғалім өзі жасай біліуі керек. Оқушы оған сенсе, оқушыға үлгі болады оны ынталандырып қызықтырады.

Мысыалы. Сынған күректін сабын уақытша қайтадан қалпына келтіру, үстірт қарағанда қиын емес. Мұғалім оқушылардың көзінше столярлық шеберлікпен күректі саптай салады.

Бірақ бұл жағдайда оқушының сана- сезімін көтеретін, жетілдіретін, көптеген факторлар ескерілмей қалып отыр.

Бұл көріністі екінші жағынан талдап көрелік. Күрек сабын оқушылардың пікір таласымен талдап көрелік. Күрек сабын оқушылардың пікір таласымен жасап көрелік, бірінші ескерілетін жағдай оқушыны ойландыратын сұрау. Мысалы. Қалай жалғауға болады? Қандай қосылыс тәсілдерін қолдануға болады?

Пікірталаста оқушылар әр-түрлі жауап береді. Демек оқушылардың көпшілігі ойлануына, жұмысқа ынталандыруына тура келеді. Бұл жерде айта кететін жағдай, дәлірек дәлелді жауап бенген оқушыны басқа оқушылардың алдында , ерекше атап өткен жөн. Бұл басқа оқушыларға әсер етеді. Олардың сана сезіміне мен де білсем, мен де бірінші болып жауап берсем деген ой қалыптасады, екінші жағынан оқушыға ең қажет конструкторлық ойлап шығу қабілеті пайда болады.

Үшіншіден пікір –талас кезінде үлгере алмай жүрген нашар оқушы да, біраз нәрседен хабардар болады.

Төртіншіден мұғалім мен оқушының пікір алысуына, мұғалімнің алдында өзін еркін ұстауға, көңіліндегіні жасырмай айтуына дағдыланады.

Оқушының қабілетін ашу жолдарын тереңдету бағытында басқа оқулықтарды да қолданған дұрыс. Мысалы : И.А. Карабановтың оқулығанда мынадай тақырып бар. «Пороки древесины» (ағаштын кемшіліктері)8- март қарсанында 5 сынып оқушылары ата-аналарына сыйлау үшін әдемі күйдіру жұмысымен тақтайшалар жасады.

Ағаштың кемшілігіне байланысты 2-тайақшаны жаратпай тастады. Олардың ойлау, және фантазиялық қабілетін білу үшін, араларында суретті жақсы салатын оқушылар бар ма деп едім, өте жақсы сурет салатын оқушы болмады.

Мен ағаштың кемшілігін кейде әсем бұйым жасауға пайдалануға болады, бұл әлі көрмеге барады деп алып қойдым.

Ол тақтайшалар шынында көрмеде болып қайтты. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын тиімді ұйымдастыра отырып жалпы белгілерін топтасақ мынадай бағыттарға жіктеледі:

Оқушылардың дүние танымын қалыптастыру.

Оқу шеберлігі мен әдет дағдыларын, ойлау қабілеттері мен сөйлеу мәдениеттілігіне үйрету, қоғамдық белсенділіктері мен саяси саналықтарға тәрбиелеу, саналы тәртіптілік пен мәдени мінез-құлық, адамгершілік қасиеттерін ашу, еңбек тәрбиесінде кәсіптік бағдар берумен қатар, қоғамдық, пайдалы және өнімді еңбекке баулу, дарынды оқушыларды шығару.

Автор:
М.Ж ЕСЕҢҒҰЛОВ МДШОБ Жанаталап орта мектебі Қаратал ауданы