Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

СПОРТ ОЙЫНДАРЫ БӨЛІМІ / БАСКЕТБОЛ / ДОПТЫ БЕРУ ТӘСІЛДЕРІ


26 января 2013, 00:29 | 1 971 просмотр


Сабақтың мақсаты: Ойын әдіс тәсілдерін үйрету, допты беруді жетілдіру, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: баскетбол доптары, ысқырғыш, секіртпе жіп (скакалка)

Өтетін орны: спорт зал

Мазмұны

Дайындық кезені

Сапқа тұру, рапорт беру, сәлемдесу. Түгендеу. Сабақтың мақсатымен таныстыру

Оңға-солға бұрылу

Жүру, жүрістің түрлері

-қолды жоғары көтеріп, аяқ ұшымен жүру,

-қолды тіке жанға созып, өкшемен жүру,

-қолды бүйірге таянып, табанның сыртқы қырымен жүру,

-қолды бүйірге таянып, табанның ішкі жанымен жүру,

Спорттық адыммен адымдап жүру

Алаңды айналып жүгіру

-оң жақ бүйірмен ілеспелі адыммен, қолды иық буынынан алға айналдыра жүгіру,

-қолды иық буынынан артқа құлаштай сермей, сол жақ бүйірмен тіркеме адыммен адымдай жүгіру,

-арқаны алға беріп,бір жақ иықтан артқа қарап жүгіру,

-ирек сызықпен жүгіру (змейка)

-тізені сәл бүгіп, қолды тізеге, ирек сызық жасай жүргізу,

Жүріп келе жатып, бір саптан 2 немесе 3 қатарға тұру

-Б.Қ. Аяқ иық кеңдігінде, екі қолды тік жоғары көтеру. 1-оң жанға иілу, 2-б.қ,

3-сол жанға иілу, 4-б.қ.

-Б.Қ. Аяқ иық кеңдігінде, қол тіке жоғары 1-3жанға иілу, бір мезгілде тізеден бүгілген аяқты жанға көтеру. 2-4 б.қ.

-Б.Қ.Аяқ иық денгейінде, қолды шынтақтан бүгіп кеуде тұсында ұстау.1-3 артқа бір адым жасап отырып, кеудені қарсы қапталдан артқа бұру, 2-4 б.қ.

-Б.Қ.Бір тізерлеп, екінші аяқты жанға созып

қолды тік жоғары көтеру. 1-3 оң (сол) жанға иілу, 2-4 б.қ.

-Бір орында секіру, (секіртпе жіппен)

Негізгі бөлім

Кеудеден допты екі қолмен беру.

Допты иықтан бір қолмен беру.

-қарама-қарсы тұрып, допты біріне-бірі бір адым жасау арқылы иықтан бір қолмен беру,

-допты бір аяқпен тұрып, қағып алу-беру,

-оң аяқпен тұрып, сол жақ бүйірден доп беру

-сол аяқпен тұрып,оң жақ бүйірден доп беру

-оң аяқпен тұрып, тіке қарай доп беру

-сол аяқпен тұрып, тіке доп беру

-оң аяққа тұрып, оң жақ бүйірден доп беру

-сол аяққа тұрып, сол жақ бүйірден доп беру

Ортада бір оқушы, қалғандары шеңберді айналаса орналасады; ортадағы ойыншыға доп беріледі, ол басқа бір оқушыға беріп, соның орнына барып тұрады.

Қарама-қарсы қозғалыста допты екі қолмен кеудеден беру.

Эстафета. Оқушыларды 2 топқа бөліп, кезектесе жүріп жұмыстану. 2 лекке тұру, әр лектің алдына қарама-қарсы өз командасынан 1 оқушы қолына доп ұстап тұрады. Лектен жүгіріп шыққан оқушы кілт тоқтайды, қарсы тұрған оқушы қолындағы добын тоқтаған оқушыға береді, өзі лектің соңына тұрады.

Екі жақты ойын

Қорытынды бөлім

Оқушылардың білімін жүйелеп, үштікте екі қолмен доп беруді көрсету арқылы бағалау.

Сапқа тұру:

-көңілді аудару жаттығулары

-Үйге тапсырма

Автор:
Беделхан ОНАЛБАЕВ, №25 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Талдықорған қаласы