Маған жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі!
Республикалық апталық газеті

ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІ немесе оны оқу мен жазу арқылы дамыту


28 января 2010, 23:46 | 15 459 просмотров



Қазақтың кемеңгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген болатын. Сондықтан да, қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ат салысуда.

Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет – білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Осы мақсатта бастауыш сынып оқушыларына білім беруде «сыни тұрғыдан ойлау қабілетін оқу мен жазу арқылы дамыту» бағдарламасын қолданамын.

«Сыни ойлау», бұл – американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба. Шығыс даналығы былай дейді: «Маған айтсаң, ұмытып қалам, көрсетсең есімде қалар. Ал, өзім істесем, үйреніп алам». Яғни, баланың ынтасын жетелеу, қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөз. Сыни тұрғыда ойлау – мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді игеруге, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді. Ойлау да, оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау сияқты іс-әрекет. Ол – белсенді, тұжырымдалған, күрделі шын ойды айтатын құбылыс. «Сыни тұрғыдан ойлау қабілетін оқу мен жазу арқылы дамыту» бағдарламасымен оқытуда оқушылардың кестелер, суреттер, оқулық дәптермен жұмыс істеу іскерліктері де артады.

Осы бағдарламамен оқыту нәтижесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау, бағалау, сөйлеу, тыңдау қабілеттерінің артатыны байқалады. Сыни тұрғыдан ойлаудың стратегиялары өте көп. Ол іс-әрекеттер оқушыларға:

-еркін ойлауға мүмкіндік береді;

-ақыл-ойын дамытады;

-шығармашылық белсенділігі артады;

-ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;

-тіл байлығы жетіледі;

-жан-жақты ізденеді;

-өз ойын жеткізеді;

Бейсекова Күлшан Сағадиқызы: Туған жылы: 1955 ж Педагогтік еңбек өтілі: 36 жыл

Білімі: Панфилов педагогикалық училищесі, бастауыш сынып мұғалімі (1973 ж), І. Жансүгіров атындағы Талды-қорған педагогикалық институты, педагогика және психология факультеті (1984ж)

Марапаттары: Талдықорған қалалық білім бөлімінің «Құрмет» грамотасы, 2002 ж, Талдықорған қалалық мәслихатының «Алғыс хаты», 1998 ж, Қаратал ауданының мақтау қағазы, 2008 ж

Енді осы бағдарламамен оқытылатын бір сабақтың әдістемесін талдап көрелік:

Сабақ құрылымы 3 кезеңннен құрылады:

Бірінші кезең – қызығушылықты ояту. Оған оқушыларды топқа бөлу, оның түрлі іс-әрекеттерін өткізу. Психологиялық дайындық. Бір-біріне сәттілік тілеу. Немесе әр оқушы өзіне мақсат, міндет қояды.

Мен - істеймін(тырысу)

Мен – үшін керек (талаптану, жақсы жауап беру)

Мен – істей аламын (сенімділікпен тапсырмаларды қарау, жақсы орындау

Мұғалім белгілерді плакатқа жазады, ал оқушылар бұл белгілердің қандай затқа тән екенін айтады. Бұны «Атаулар көмегімен болжау жасау» стратегиясы дейді. Плакаттағы бөлімге берілген бейнелер арқылы мәтін, әңгіме құрастырады. Оны «Негізгі идеяны суреттеу» стратегиясы дейді.

Екінші кезең – мағынаны ажырату сатысы. Ой қозғау. Эссе жазу. Тақырып бойынша оқуышылар тез ойларына келгенін жазады. Топ ішінде оқиды. Топ алдында іштерінен біреуі шығып оқиды. Әр топтан шыққан оқушы орындыққа отырып, жазғандарын оқиды. Тақырыптағы кезеңді ойды бейнелейді. Оны тақтаға іліп, әр оқушы өз суреттерін әңгімелейді. Бұл «Галереяны аралау» стратегиясы.

Үшінші кезең – ой толғаныс. Әртүрлі әдіс-тәсілдердің көмегінде шешімі табылған мәселені жалпылау, алынған білімдерді пысықтау, жаңа материалды қайталау жүзеге асырылады.

Т – кестені толтыру. Жақсы-жаман, жағымды-жағымсыз.

Топтастыру стратегиясы.

«Венн диаграммасы»

«Кубизм стратегиясы»

1.Суретте

2. Қолдан

3. Зертте

4. Салыстыру

5. Жақта

6. Қарсылас

«Шығу парағы» стратегиясы

1.Біз бүгінгі сабақта нені үйрендік?

2.Қандай сұрақ бар?

3.Пікіріңіз...

«Ой толғау» стратегиясы (мозговой)

Күн, жауады, шөп, жылынды, жасыл, жаңбыр.

«Б.И.И. Білемін, білгім келеді, үйрендім» стратегиясы. Кестені толтырады.

INSERT – «Түртіп алу» стратегиясы.

«V»- білемін, «-» мен келіспеймін, «+» -мен үшін жаңа, «?» - таң қалдым, сұрақ туды.

«Араласып кеткен оқиғалар»

«5 жолды өлең»

1.Зат есім

2.Сын есім

3.Етістік

4.Сезілді, білдіреді

5.Зат есім (синоним)

Бұл бағдарламада страетгия түрі өте көп. Оны мұғалім өзінің ыңғайына, сабақ тақырыбына қарай таңдайды. Бұл бағдарламаның тағы бір пайдасы сыныптағы оқушылардың сабаққа толық қатысуы. Күнделікті жай сабақта 3-4 бала ойын ортаға салып, сабаққа белсене қатысса, қазір сабаққа үлгерімі төмен оқушы да өз ойын ортаға айтып, пікірталасқа түседі. Өздеріне өзі баға қойып, уақыт та үнемделеді. Стратегияларды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың тілін, ойын, еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс істеу барысында бірін-бірі тыңдай білуге, құрмет көрсете білуге үйретеді.

Автор:
К.С.Бейсекова, бастауыш сынып мұғалімі, Қаратал ауданы